2017 жылдың 5 сәуірінен бастап Астана қаласындағы "ҚазМұнайГаз" жанармай құю стансаларында пилотты режимде электронды талон жүйесі жұмысын бастады.
Электронды талон – бұл цифрлы құжат, кодында мұнай өнімдерінің түрі (бензин, дизель отыны) мен көлемі, сондай-ақ оның жарамдылық мерзімі шифрланған.
Электронды талон жүйесі сатып алушыға мұнай өніміне төлем жасағаннан кейін электронды деректер базасында әрбір нақты сатып алушыға берілген бірегей нөмірмен (кодпен) талонды алуға мүмкіндік береді, сатып алушы электронды талонды басып шығарып, "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС-да отынның тапсырылған көлемін алады. Алдағы уақытта жүйе ұялы телефоннан электронды талон кодын оқуды қарастырады.
Клиент жеке кабинетте www.azskmg.kz сайтында өздігінен талон жасап, оған төлем жасай алады. Яғни клиент отынның төлем нысаны ретінде электронды талонды таңдап, кеңсе жұмысын елеулі үнемдейді – жеке кабинет арқылы талонды активтендіру және бұғаттау, жарамдылық мерзімі мен көлемді белгілеу, сондай-ақ онлайн режімде басқару есептілігін алуы мүмкін. Бұл клиентке кім, қай жерде, қанша және қандай бағамен бензин құйып алғанын білуге мүмкіндік береді.
"Компания барынша қолайлы сервис құра отырып, клиенттің барлық қажеттілігін ескеруге ұмтылады", – дейді "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС Мұнай өнімдерін өткізу департаментінің директоры Юлия Жернакова.
Оның айтуынша, талон жұмысының ерекшелігі отын берудің басқа да механизмін пайдалануға мүмкіндік бермейтін бірнеше мемлекеттік және жеке компанияға талап етілген құрал болып қалады.
2016 жылдың соңында "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС клиенттерге қызмет көрсету кезінде қағаз талонды пайдаланудан бас тартатынын жариялады. Қазір "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС желісінде отын картасының жүйесі қолданылады, отын төлемі үшін QR-кодын пайдалану жөніндегі пилотты жоба басталды, енді электронды талон жүйесін енгізу басталып кетті.