"Korea Open" турнирінде қазақстандық спортшылар 4 медаль алды

527

 "Korea Open" турнирінде қазақстандық спортшылар 4 медаль алды

Оңтүстік  Кореяның  Джеджу қаласында таеквондодан G2 санатындағы "Korea Open" рейтингілік турнирі өтіп жатыр. Аталған сында қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетуде деп жазады Olympic.kz. 

Жастар арасында 59 келі салмақта сынға түскен Бекжан Нүсінәлім турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ол бірінші және екінші кездесуінде Оңтүстік Корея спортшыларын ұтты, үшінші айналымда өзбекстандық қарсыласын жеңді.

Жартылай финалдық жекпе-жекте тағы бір кореялық спортшыдан басым түскен жерлесіміз ақтық сында таиландтық таеквондошыдан жеңілді. Осылайша, жас әрі талантты спортшымыз ел қоржынына күміс жүлде салды.

55 келі салмақтағы Азамат Рахымбаев пен 78 келі салмақта сынға түскен Сергей Ивашкевичтің еншісінде қола жүлде бар.  

Ал 63 келіде ел намысын қорғаған Нұрай Хусайынова АҚШ және Мексика спортшыларына есе жіберіп, үшінші сатыдан көрінді. 

"Korea Open" турнирі бүгін аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу