"Лукойл" мен "ҚазМұнайГаз" қағидаттар туралы келісімге қол қойды

725

"Лукойл" мен "ҚазМұнайГаз" қағидаттар туралы келісімге қол қойды

Астанада "Лукойл" ЖАҚ президенті Вагит Алекперов және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы "Жеңіс" блогы бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚР энергетика министрлігі. 
Қол қойылған келісім тараптар консорциум қалыптастырып, белгіленген учаскеде жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін Қазақстан Республикасының құзыретті  органдарымен келіссөздер жүргізуін қарастырады.
2018 жылғы 29 маусымда қолданысқа енгізілетін Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің қабылдануы жер қойнауын пайдалану саласына, атап айтқанда геологиялық барлауға инвестицияларды жандандыруға маңызды түрткі болады.
Кодекс қолданысқа енгеннен кейін жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімі айтарлықтай жеңілдетіледі, мерзім қысқарады (келісімшарт 40 жұмыс күніне дейін), әкімшілік кедергілер төмендейді (құқықтық, экономикалық сараптамалар, келісімшарт жасасуға арналған жобалау құжаты алып тасталады).
Айта кетсек, "Жеңіс" блогы Каспий теңізінің қазақстандық секторында 75-100 м тереңдікте орналасқан. Жағаға дейінгі арақашықтық 80 км құрайды, Ақтау (Қазақстан) портына дейін – 180 км. Лицензиялық учаскенің ауданы - 6 848 км2.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу