Қазақ пен қытайдың ортақ фильміне кастинг жарияланды

1280

Қазақ пен қытайдың ортақ фильміне кастинг жарияланды

"QAZAQSTAN" телерадиокорпорациясы мен "ССТV-7" телеарнасы өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ortcom.kz

Меморандум аясында екі жақ бірлесіп көркем туынды түсіру жайлы келісімге келді. Бұл қазақстандық және қытайлық телевизияның бірлесе отырып түсіретін тұңғыш киножобасы болмақ. 

"Фильмнің аты "Іле қаласындағы махаббат". Ол толықтай қазақ тілінде түсіріледі. Кейін қытай тіліне аударылады. Болашақ кинотуынды тек Шыңжаң өлкесінде ғана емес, Астана мен Алматы қалаларында түсірілетін болады. Актерлер мен түсірілім орындарын таңдауға, өндірістік және шығармашылық жұмыстарды корпорация қызметкерлері қытайлық әріптестермен бірігіп жасайды. Сондай-ақ, осы аптада корпорация басты рөлдерді сомдайтын кейіпкерлерге кастинг жариялады, әзірге 100-ден астам өтініш келіп түсті. Фильмге жұмсалатын қаражат қытайлықтардың тарапынан болмақ. Киножоба қазақтың өнерін шетелдерде насихаттап қана қоймай, миллиардтаған көрерменге жол тартады",-деді "QAZAQSTAN" РТРК" АҚ аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясының директоры Ержанар Әшейхан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу