"Самұрық-Энерго" директорлар кеңесінің құрамы 5 адамнан 7 адамға көбейеді

824

"Самұрық-Энерго" директорлар кеңесінің құрамы 5 адамнан 7 адамға көбейеді

"Самұрық-Энерго" директорлар кеңесінің құрамы 5 адамнан 7 адамға кеңейді, делінген KASE-де жарияланған компанияның хатында.

Атап айтқанда, директорлар кеңесінің құрамына "Самұрық-Қазына" АҚ  мүддесін қорғаушы ретінде Нұрлан Рахметов пен тәуелсіз директор Хоакин Галиндо Велез сайланды.

Аталмыш шешімді 2017  жылы 28 қаңтарда акционер қабылдады.

Сондай-ақ директорлар кеңесі құрамына директорлар кеңесінің төрағасы Қуаныш Бектеміров, директорлар кеңесінің мүшесі, "Самұрық-Энерго" басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, тәуелсіз директорлар  Лука Сутера, Анатолий Спицин және Андреас Сторзел кіреді.

2007 жылы құрылған "Самұрық-Энерго" АҚ "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат мемлекеттік қорының құрамына енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу