"Транстелеком" АҚ акцияларының 26 пайызы сатылды

731

"Транстелеком" АҚ акцияларының 26 пайызы сатылды

"Транстелеком" АҚ акцияларының 26% жекешелендірудің екінші толқынында 9,4 млрд теңгеге сатылды, деп хабарлайды LS.

Сауда-саттық екі кезеңдік конкурс форматында өткізілді. Бастапқы бағасы 9,4 млрд теңгені құрады. Аукционға екі компания қатысты. Лотқа алматылық заңды тұлға ие болды.
Акциялардың иесі "Қазақстан темір жолы" болып табылады.
"Транстелеком" - заңды тұлғалар үшін ақпараттық және телекоммуникациялық қызметтер мен IT шешімдерінің кең спектрін ұсынатын ірі оператор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу