Басып озған банк жоқ

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
2412

Мамыр айында банк секторының жағдайы жақсармады.

Басып озған банк жоқ

Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктердің 2018 жылдың бес айындағы жұмыс қорытындысы бойынша есебі банк секторының даму қарқыны баяулағанын көрсетеді. Көптеген маңызды баптар бойынша қысқару болған.  

Мамыр айында, ең бірінші, банктердің жиынтық активтері 23,8 трлн теңгеден 23,5 трлн теңгеге қысқарған, осы арада ақпан айынан бастап банк активтері тек өскенін айтып кету керек. Құлдырау әзірге үлкен емес, бірақ айтарлықтай болып отыр. Банктің жиынтық балансының белсенді бөлігінде "Ақша" шоты бойынша өтімділік саны төмендеген, сондай-ақ корреспонденттік шоттардағы өтімділік көлемі де сәуір айында өсім көрсеткеніне қарамастан, 2,5 трлн теңгеден 2,3 трлн теңгеге қысқарған.

Сонымен қатар банктердің сауда портфелі де азайған, ол 6,2%-дан 3,1 трлн теңгеге дейін төмендеген, және ол екінші ай қатарынан төмендеп жатқанын атап кету керек. Мамыр айында корпоративтік облигациялар бағасы айрықша төмендеп, қазынашылардың қарыз портфелі құралдарын пайдасы бар табыс қағазына салуға мүмкіндік берді. Негізінен, банктер Ұлттық банктің ноталары мен қаржы министрлігінің қарыз қағаздарын сатып алуды жалғастырды. Алайда сәуір айында базалық мөлшерлеменің төмендеуі қаржы министрлігі мен Ұлттық банк атынан қарыз алушыларға орналастыруда табысты және мұндай қағаздарға деген қызығушылықты төмендетуге мүмкіндік берді. Өтелгенге дейінгі облигациялар портфелі шамалы (1,7%-ға) өсіп, 1,8 трлн теңгені құрады, ал сәуірде өсу 5,9%-ға дейін көтерілген болатын.

Тағы бір қызықты тренд – бұл кері репо портфелінің (құнды қағаздарды кепілге қою арқылы өтімділікті тарту) төмендеуі болды. Несие беруші банктердің мұндай операциялар көлемі 3,8%-ға, яғни 314,5млрд теңгеден 302,5 млрд теңгеге төмендеді. Қарыз беруші банктердің репо операциясы портфелі де қысқарған, құлдырау 5,1%-ға, яғни 300,6 млрд теңгеден 285,6 млрд теңгеге дейін жеткен.

Осы арада Қазақстан қор биржасындағы (KASE) репо секторындағы сауда көлемі мамыр айында 29,6%-ға немесе 1,6 трлн теңгеге өсіп, 7,1 трлн теңге болған. Бұл сегменттегі жалпы сауда айналымының 80%-дан астамы екінші деңгейлі банктерге тиесілі. Мамыр айында репо нарығының көрсеткіші қолайлы деңгейде болды. Банкаралық нарықта мерзімділігі бір күн болатын ақша құнын көрсететін TОNIA индикаторы бір ай бойы жылдық 8,26% деңгейінде болды. Ал TWINA индикаторы (жеті жұмыс күніне репо ашу келісімі бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме) болса 33 базалық көрсеткішке жылдық 8,29% -ға дейін төмендеген. Осылайша, ақша нарығының мөлшерлемесі мамыр айында біресе төмендеп, біресе тұрақты болған. Бұл құнды қағаздарды кепілге қою арқылы өтімділікті тартқысы келген банктердің репо келісімдерінің өсуіне көмек болды. Осыған қарағанда қарыз алу мөлшерлемесі несие алушылар үшін тиімсіз болып, қарыз операциялары бойынша белсенділік басқа бапқа ауысқан сияқты. Мамырда банктерге фирмааралық несие беру 29,5%-ға, 25,9 млрд теңгеге дейін өскен, ал сәуірде бұл көлем қысқарған.

Дегенмен банктердің мамыр айындағы репо оперциясы бойынша табыстары сәуірде 7 млрд теңге болған көрсеткішпен салыстырғанда портфельдің айналымдылығы есебінен 26%-ға, 8,8 млрд теңгеге дейін өскен. Кері репо операцияларына түсетін табыс жыл басынан бері тұрақты өсіп келеді.

Мамыр айында банктер басқа банктердегі депозиттерге ақшаны аз салған, мұндай салымдар көлемі 714 млрд теңгеден 641 млрд теңгеге дейін төмендеген, ал сәуір айының қорытындысы бойынша өсу болған. Базалық мөлшерлемені төмендету тренді депозиттердің табыстылығы мен тартымдылығын төмендетеді, ал бұл олардың көлемінде көрініс табады.

Мамыр айында экономиканы несиелеу әлсіз динамиканы көрсетті, яғни бір ай бұрынғы көрсеткішке қарағанда 8 млрд теңгеге көп болып, 11,1 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері өндіріс 5,4%-ға, байланыс, сауда, көлік және ауылшаруашылығы өнімі 3,9 пайыздан 6, 4%-ға дейін жеткен ЖІӨ-нің жақсы көрсеткіштері банктің несие беру белсенділігіне әсер етпеді.

Банктердің қарыз портфелінің сапасы аздап нашарлады, проблемалық қарыздар мамырда 2 трлн теңгеге дейін өсті. Нашар несиелер үлесі 15,5% деңгейінде қалып отыр, төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелер үлесі бір ай бұрынғы 8,97%-бен салыстырғанда 9,05% болды. Банктердің жиынтық активтеріндегі несие портфелінің үлесінде сәуірдегі 46,5%-бен салыстырғанда 47,3% болды.

Банк секторының міндеттемесі мамыр айында 379 млрд теңгеге, 20,4 трлн теңгеге дейін азайған. Депозиттік база 234,8 млрд теңгеге, 16,3 трлн теңгеге дейін қысқарған. Клиенттер бойынша айтатын болсақ, жеке тұлғалардың салымдары 100 млрд теңгеге, 8 328 млрд теңгеден 8 228 млрд теңгеге дейін қысқарған, заңды тұлғалардың салымдары 225 млрд теңгеге, 8318 млрд теңгеден 8093 млрд теңгеге дейін төмендеген.

Сонымен қатар мамырда банктердің шығарған құнды қағаздарының ақшалай көлемі 99,5 млрд теңгеге, 1,2 трлн теңгеге дейін азайған. Облигациялардың жекелеген шығарылымының айналым мерзімі аяқталды, алайда банктер міндеттемені жаңа облигациялар шығару арқылы өсіруге асықпады. Банк секторының өтімділігі жайлы болып қала бермек. Банктердің жиынтық капиталы резервтік капитал мен қайта бағалау резервінің өсуі арқасында маусым айының басында 22,7 млрд теңгеге, 3066 млрд теңгеге дейін өскен.

Мамыр айында банктердің табысы 13 трлн теңгеге жеткен, өсім сәуір айымен салыстырғанда 29,7% болып, наурыз айындағы 51,4%-бен салыстырғандағы қарқынды жоғалтқан. Несие беру тұралағанына қарамастан, мұндай қызмет түрінен түскен табыс тұрақты өсуде, мысалы, мамыр айында табыс 22,5%-ға өсіп, 652,3 млрд теңгеге жеткен. Ал сәуірде табыстың өсімі 33%-дан асқан. Сыйақымен байланысты несие беру табыстың 93%-ын құрайды, маусым айының басында мұндай табыстар мамыр айындағы 714,3 млрд теңгемен салыстырғанда 894,2 млрд теңге болған.

Банктер сыйақымен байланысты емес несиеден табысты көбірек табады. Мамырда мұндай табыстар 30%-ға, 12,1 трлн теңгеге дейін өскен, сәуірде өсу бұдан жоғары 53%, 9,3 трлн теңгеге дейін болған. Қайта бағалаудан түскен табыс көлемі өте көп. Мамырда бұл табыс түрі банктерге 10,9 трлн теңге, ал сәуірде 8,3 трлн теңге, наурызда 5,4 трлн теңге түсірген. Банктердің салық төлегенге дейінгі шығысы 12,6 трлн теңге болып, мамыр айында 2,9 трлн теңгеге артқан.

Банктердің табыстылық көрсеткішінің өсуі жалғасуда. Мамыр айында таза пайыздық маржа 0,02 пайыздық көрсеткішке өскен. Банктердің пайдасы 351,6 млрд теңге болып, 18,9%-ға өсім көрсеткен. Алайда сәуір айында динамика 35,3%-дан жоғары болған еді.

Активтер мөлшері бойынша көшбасшы-банктер үштігі (Халық банк, Қазкоммерцбанк, Цеснабанк) мамыр айында активтер өсімін көрсете алмады. Сондай-ақ қарыз қоржыны да өспеді. Несие портфелінің ең үлкен динамикасы шетелдік банктер қатысқан банктерде, яғни Альфа-банк ЕБ портфелі 9,3%-ға, КЗИ Банк ЕБ портфелі 8,9%-ға өскен. Жергілікті капиталмен жұмыс жасайтын банктер ішінде ForteBank қарыз портфелін 6,6%-ға, AsiaCredit Bank 6,5%-ға өсірген.

Депозиттік базаның өсімі бойынша тағы да шетелдік қатысумен жұмыс істейтін банктер жақсы көрсеткіш көрсетті. Мысалы, "Al Hilal" ислам банкінің депозиттік базасы 11%-ға, Пәкістан ҰБ ЕБ 10%-ға, "Заман-Банк" ислам банкі 8,2%-ға өсім көрсеткен. Бұл банктердің депозиттік базасының өсуіне жеке тұлғалардың, сондай-ақ корпоративтік сектор салымдарының өсуі ықпал болды.

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу