Ембінің болашағы мұнай мен ауыл шаруашылығы өндірісінде

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
4369

Үкімет бұрынғы әскери полигон аумағын қайта бөлу жоспарын дайындап жатыр.

Ембінің болашағы мұнай мен ауыл шаруашылығы өндірісінде Фото: youtube.com

Ембі әскери полигонының орнында пайдалы қазбалар, оның ішінде мұнай мен ауыл шаруашылығы өндірісі дамуы мүмкін.

1995 жылдан бастап Ембі полигонын Ресей жалға алған болатын. Бірақ соңғы 8 жылда полигон сынақ жүргізу үшін қолданылып жүрген жоқ. 2016 жылы екі мемлекет жалға беруді тоқтату туралы хаттамаға қол қойды. Сәрсенбі күні хаттаманы парламент мәжілісінің депутаттары бекітті.

Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров депутаттарға Ембі полигонын тапсыру тараптардың өкілетті өкілдерінің бірлескен коммиссиясы арқылы іске асатынын айтты. Сонымен бірге дәл қазір ресейлік тарапқа полигонды пайдалану жөніндегі міндеттерді орындауға қатысты шағым жоқ екенін де айтып өтті.

"Полигонды жалға беруден қайтып алу аймақтың экономикалық дамуына қолайлы болады. Қайтарылатын жерлер ауыл шаруашылығы мен пайдалы қазба өндіру, барлау саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер мүддесіне қолданылуы мүмкін. Жерді осылайша пайдалану нәтижесінде жаңа қорлардан республикалық бюджетке пайда түседі. Жер телімдері Ақтөбе облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым жобаларын салу үшін қолданылуы мүмкін", – дейді Талғат Мұхтаров.

Ол жерге экологиялық сараптама жүргізіліп, ғарыштан түсірілгенін, топырақ сынамасы алынғанын айтып өтті. Қоршаған ортадағы және топырақтағы ластанған заттар белгіленген нормадан жоғары емес екеніне де тоқталды.

"Бұл полигон ядролық емес, сондықтан тұрғындардан, жергілікті органдардан қандай да бір ауруға қатысты шағым түскен жоқ", – дейді вице-министр.

Сонымен бірге бүгінгі күні Ембіні және өзге де қазақ полигондарын басқа мемлекетке жалға беру мәселесі мүлдем қарастырылмайды.

"Бүгінгі күні шетелдік мемлекеттерден полигонды бөлу туралы өтініш түскен жоқ. Қазіргі уақытта біз полигондарды шетелдік әскерлерге беру мәселесін қарастырмаймыз", – деп сендірді вице-министр.

Іс жүзінде бұрынғы полигон аумағының келешегіне қатысты айтар болсақ, жердің жартысы ауыл шаруашылығын дамытуға пайдаланылады, сонымен бірге бұл жерде геологиялық барлау жұмыстары басталады. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева полигонның 308 мың гектары Ақтөбе облысы халқының қажетіне жұмсалатынын айтты. Бірақ осы немесе басқа да жер телімдерін ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану шешімін тікелей облыс әкімдігі шешеді.

Инвестиция және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев жер қойнауын әзірлеуге қатысты жоспар туралы ақпарат берді.

"Ембі полигонында жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшін екі жер теліміне геологиялық барлау жүргізіліп жатыр. Яғни бұл жерде келешекте пайдалы қазбалар өндіруге болады. Осыған қатысты тиісті мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмысы жоспарға сай жүріп жатыр. Осыдан кейін өкілетті орган жерді одан әрі қалай пайдалану керектігін шешеді", – дейді ол.

Депутаттар Ембі полигонын жалға беруді тоқтату туралы хаттаманы бекітуді мақұлдады. Сенат депутаттары заң жобасын қабылдағаннан кейін оны парламент бекітеді.

Ресей Қазақстанның төрт полигонын – Ембі, Сарышаған, Тайсойған және "Байқоңыр" кешенін жалға алып отыр. Полигондарды жалға алу есебінен ел бюджетіне жыл сайын 20,7 млн доллар табыс түседі.

Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу