Индустрия 4.0 аясында Қазақстанның білім беру жүйесін тексереді, тазалайды

3444

Колледжді бітіріп келетін мамандар iPhone сияқты шапшаң және жан-жақты болуы керек.

Индустрия 4.0 аясында Қазақстанның білім беру жүйесін тексереді, тазалайды

Кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту мәселесіне қатысты Қарағандыда болған жиналыста әңгіме тек "ақылды зауыттар, кен орындары мен кемелер" туралы ғана болған жоқ, индустрия 4.0 үшін кадр дайындау жүйесі жайында да сөз қозғалды.

Дамыған озық отыздықты бетке алдық

Премьер-министр үкіметтің "Қысқарған жұмыскерлер туралы мәселеге жұмыс берушінің емес, әкімнің басы ауру керек" деген ұстанымын мәлімдеді, яғни қысқарып қалған жұмыскерлерді қайта оқытып, жұмыспен қамту – оларды қысқартқан кәсіпкердің емес, жергілікті атқарушы биліктің міндеті.

"Егер "АрселорМиттал" қандай да бір технологияларды қолданатын болса.. Бұл жайында  Миттал мырзамен сөйлескен болатынбыз, ол бұған қуанып отыр. .. егер бүгінгі күні мемлекет жаңғырту жүргізіп, жаңа технологияларды қоданатын болса, онда адамдардың көбісі жұмыстан шығып қалатыны  түсінікті", – деді премьер-министр.

(Бақытжан Сағынтаев бұл жерде Астанада 2017 жылдың 9 маусымында Лакшми Митталмен болған кездесуді сөз еткен сияқты. Бұл кездесу барысында  abctv.kz ақпары бойынша бірнеше мәселе талқылануы керек болатын. Оның ішінде сұрыптаманы жаңғырту мен кеңейту, АМТ кен орындарындағы фосфорсыздандыру жабдықтарын қайта қалыпқа келтіру, сондай-ақ жұмыскерлер саны нормативі мен өнеркәсіптегі жарақаттану бар).

Екіншіден, экономика ғылымының магистрі, ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұлттық білім беру жүйесі үлкен бизнеске жұмыс істейтінін және бұл үшін бюджет ақша төлейтінін айтты.

Осылайша Қазақстан ақырындап, әлемнің дамушы 30 елінің құрамына нық қадам басып келеді. Ал бұл жағдайда үлкен бизнес пен трансұлттық корпорациялар мемлекетті басқаратын болады.

Индустрия 4.0 үшін кадр дайындау мәселесінде бизнес пен білім берудің кооперациясы қажет екенін, ең бірінші кәсіпкерлер көтеріп отыр. Өйткені оларға жоғары білікті мамандар қажет.

"Жаңғырту және цифрландыру бағдарламасын іске асыру үшін IT саласында білімі бар менеджерлердің жаңа буыны қажет. Бұл жобаны іске асыру үшін білім беру құрылымдарын тартатын боламыз", – деді "Қазмырыш" ЖШС-ның атқарушы директоры Нариман Қуанышев.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев болса ірі капитал өкілінің сөзін қостап қана қоймай, сол капиталды ұлттық білім беруде серіктес болуға шақырды.

Ол БҒМ жаңа заң әзірлегенін, ол заң биыл қабылдануы тиіс екенін айтты. Білім және ғылым министрінің айтуынша, заң жоғары білім беру кәсіпорына қажет мамандарды оқыту мәселесін шешеді.

Яғни қандай саланың мамандарын дайындайтынын жоғары оқу орындары емес, жұмыс берушілердің салалық қауымдастығы шешетін болады. Мысалы егер жоғары оқу орны металлургтерді дайындайтын болса, онда шешімді тау-кен өндірісі және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы шығарады.  

"Барлық жоғары оқу орындары қауымдастық алдында өздерінің білім беру бағдарламасын ұсынады. Қауымдастық бұл бағдарламалардың қайсысы пайдалы және пайдасыз, заманауи және тиімді екенін белгілейді. Содан кейін министрлік білім беру бағдарламасының тізімін жасайды. Барлығы жұмыс берушінің ұсынысы бойынша іске асырылады да, керек емес деген мамандықтар тізімнен алып тасталады", – деді білім және ғылым министрі.

Министрлік тізіміне крімейтін, заман талабына (немесе қауымдастық талабына) сай келмейтін жоғары оқу орындары ретінде министр үш бағытты атады.

"Біріншісі – бағдарламаны жауып, студенттерді жоғалту. Екіншісі – бағдарламасы жақсы жоғары оқу орнына барып, тәжірибе алмасу. Үшіншісі – кәсіпорындармен, шетелдік серіктестермен, шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып жаңа бағдарлама әзірлеу.

Осылайша барлық нашар білім беру бағдарламаларын екі-үш жылда нарықтан шығарамыз", – деді ол.

Қалғаны аз болады

Тиісті заң әлі қабылданған жоқ, бірақ БҒМ бұл жұмысқа кірісіп кеткенін министр атап өтті: "Бір ай бұрын IT-мамандармен бас қосып, IT жөнінде білім беру бағдарламаларының тізілімін әзірлей бастадық, бұл істе "Атамекен" КҰП бізге көп көмек көрсетіп жатыр. Екі жүзден астам IT-кәсіпорыннан қандай білім беру бағдарламалары қажет деп санайтындығы және оларды қалдырудың мәні бар, жоғын анықтау мақсатында сауалнама алынады".

Заң әзірге қабылданбағанын қайталап айтып Ерлан Сағадиев "биыл IT-секторға арналған тізілімді аяқтап, бірнешеуі ғана қалатынын алдын ала ескертуге" үміттенетінін жеткізді. "Алдын ала мәлімет бойынша, бүгінде біздегі білім беру бағдарламаларының жартысынан азы қалады. Осылайша біз сала бойынша кезек-кезек білім беру бағдарламаларын тазартқымыз келеді".

Министрдің пікірінше, осылайша ЖОО-лар академиялық еркіндікке қол жеткізіп, нені дұрыс деп тапса соны оқытуға мүмкіндік алады.

Мұз бен жалын

Осыдан соң Ерлан Сағадиев бизнес пен білім беру жүйесінің қабысуын арттырғысы келетінін және бизнеске арналған кадрларды дайындауға мемекет ел бюджетінін ақы төлейтінін айтты. Әр колледж студенті үшін 20000 теңге.

"Қосарлы оқыту бойынша қиындықтар туындап жатыр: студенттер кәсіпорындарға барса – оларды қабылдамай жатады. Шынымен олар онда қажет емес: артық қиындық пен қатер әкеледі. Сондықтан кәсіпорын үшін экономикалық ынталандыру жоқ. Осыған бола ешкім салық кодексін өзгерткісі келмейді, бұл да дұрыс шығар. Сондықтан біз биыл мынадай жұмыс істедік: біз нақты бір соманы, шартты түрде алғанда, 20000 теңгені әр студентке колледж, техникум шәкіртақысының құнына бөлуді шештік".

Егер топта 10 адам болса, өндіріс жөніндегі шеберге 200000 теңге бөліну керек деп есептейді білім министрі, "бұл адам аға аспаз, шаштараз, құрылыс жұмыстарының басшысы не ферроқорытпа учаскесінің шебері болуы мүмкін, қаражатты жеке соның өзіне бөлу керек".

Осыдан 45 жыл бұрын КСРО-да кәсіби-техникалық білім беру комитетін енгізуде 69 индустриальдық-педагогикалық техникум болды, мұнда жылына 10 мыңнан астам маман шығаратын өндірістік білімі бар техник-шеберлерді даярлайтын. Кәсіби пәндер оқытушыларын 13 политехникалық институттың инженерлік-педагогикалық факультеттері даярлаған.

Өндірістік білім беру жұмысында өндірістік тәжірибе жоспарына ерекше орын берілетін. Оны құру кезінде негізгі кәсіпорындардың жағдайы ескерілді, білім алушыларды топ бойынша дұрыс бөліп, өндірістік білім беретін шеберлер мен оқытушылардың уақыты ескерілетін.

Ал қазір 10 адамнан тұратын кез келген кәсіпорын бір-екі студентті іс-тәжірибеден өткізуге қабылдай алады, ал педагогикалық білімі жоқ өндірістің шебері  кенеттен 200000 мың теңгеге байып кетсе де олардың бәріне бірдей қарай алмайды.

Сонымен қоса экономика ғылымдарының магистрі Ерлан Сағадиев тағы бір ең басты мәселені ескермепті: осылайша колледжбен қарым-қатынас жасағаннан кәсіпорын басшысының өзі не табады?

"Шебер ақша алады, ал менің мойнымда қауіпсіздік техникасы үшін жауапкершілік бар, арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарына кететін шығын, міндетті медициналық кәсіби тексеру және міндетті медициналық сақтандыру тағы бар. Жоқ, ірі кәсіпорын мұндай қадамға бара алатын шығар, ал өзімнің он шақты маманымды өзім-ақ даярлаймын", – деп металл өңдеу кәсіпорнының иесі бейресми әңгіме барысында abctv.kz-ке пікірін білдірді.

Дегенмен білім министрінің үміті таусылар емес: "Колледж директорлары мен оқытушылар осындай топтарды қабылдай алатын өндіріс шеберлерін өздері-ақ іздей бастайды деп ойлаймыз. Бұл бағдарлама қыркүйек айынан бастап жұмыс істей бастайды".

Колледж бітірген түлекте барлығы дұрыс болу керек

Индустрия 4.0 үшін кадр даярлау тақырыбындағы сөзін аяқтай отырып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаев облыс орталықтарының біріне жасаған сапары туралы айтып берді. Әңгіме барысында ол жергілікті атқарушы биліктің кадр даярлау мәселесіндегі жауапсыздығы туралы айтты:

"Біз Павлодарда болдық. Біздің колледждер мен әкімдіктер мамандарды қалай даярлап жатқанын, оларға қандай білім беріліп жатқанына басын ауыртпайтыны шошытты. Мемлекеттік тапсырыс бойынша басқа міндет қойылған, осы жерден білім алып шығып, басқа секторларға бару үшін адамдарды басқа мамандықтарға оқыту керек".

Осыдан соң Бақытжан Сағынтаев Қарағанды өңірінің басшысы Ерлан Қошановқа қарап облыс әкімдерінің барлығына колледждерде iPhone сияқты шапшаң және көп міндет атқара алатын жан-жақты мамандарды даярлауға тапсырма берді:

"ЖОО-лар министрдің қарауында, колледждерді әкімдіктер қарайды. Оларды тексеріп шығу керек – кімді дайындап жатыр, қандай мамандықтар бар. Дағдыларын тез ауыстыра алатын мамандарды даярлау керек. Мен үнемі айтамын: бізде үнемі бір жаңалық пайда болады: iPhone бесінші, алтыншы, жетінші. Осы жаңа қосымшаларды меңгеру үшін бізге бір-ақ күн жеткілікті. Бастысы – біз iPhone-мен қалай жұмыс істеу керектігін білеміз. Міне сол сияқты маманның да негізгі дағдылары болу керек".

Гүлназ Ермағанбетова, Олег И. Гусев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу