Пәтер сатып алуға тиімді ТОП-5 мемлекет

4875

ЕО азаматтығын алудың ең оңай жолы – одақ елдерінің бірінен жылжымайтын мүлік сатып алу.  

Пәтер сатып алуға тиімді ТОП-5 мемлекет

Тұрақсыз экономика жағдайында сіз үшін қаражатыңызды шет елдегі пәтерге салу тиімдірек болып табылады. Бірақ елді таңдау қиынға соғуы мүмкін. Сіздерге бірнеше тиімді нұсқаларды ұсынамыз.

Болгария (5-орын)

Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ел, 2007 жылдан бастап Еуропалық Одақтың мүшесі. Бұл елді әдемі табиғаты мен дамыған туризмі үшін жақсы көреді. Болгария адам дамуы индексі бойынша әлемде 52-орында.

Жылжымайтын мүлік бағасы. 1 м2 Орташа құны 2 000 €. Ең арзаны – 400 €.

Танымал курорттар мен оларға жақын қалалардағы жылжымайтын мүлік бағасы 2-3 есе қымбат. Ең қымбат мүлік Бургас, Варна және София аудандарында. Теңізден 100 км қашықтықта орналасқан шағын ауылдарда 10,000 €-ға кішігірім жер үй сатып алуға болады.

Салықтар мен коммуналдық төлемдер. Әрбір өңірде әртүрлі тарифтер бекітілген. Жылжымайтын мүлік иелері үшін міндетті екі салық бар. Олар:

Муниципалды салық – 85 €;

Коммуналдық салық – 150 €;

Барлығы – 235 € минус 12 € (мерзімінен бұрын өтеу үшін жеңілдік) = € 223. Қосымша "табыс салығын" жылжымайтын мүлікті жалға берген меншік иелері төлейді. Тіркелген мөлшерлеме-жылдық кірістің 10%-ы.

Коммуналдық төлемдер. Жылыту, электр энергиясы, су және газ есептегіштер арқылы төленеді. Аумақты ұстау, телефон және интернет – таңдалған тариф бойынша.

Электр энергиясы. Әр аймақта баға әртүрлі. Ел бойынша орташа: күндіз 1 квт⋅сағ 0,15 €, түнде – 0,07 € тұрады.

Сумен жабдықтау. Құны аймаққа  байланысты. Бай курорттық қалаларда орташа есеппен 1 текше 1 €, ал аз дамыған қалаларда – 0,7 € тұрады. 4 адамнан тұратын отбасының орташа су төлемі – айына 8 €;

Жылыту. Орталық жылыту София, Варна, Бургас, Пловдив, Русе, Плевен, Добрич, Перник сияқты ірі қалаларда ғана бар. Көп пәтерлі тұрғын үйлерде жеке қазандықтар орнатылады. Егер үйді электр немесе газ қазандықтары қыздырса, екі бөлмелі пәтердің иелері ай сайын 120-150 € төлейді. Мұнай қазандықтары бар үйлердің иелері – 3 есе аз, ал отынмен жылытатындар – бар-жоғы 25 евро төлейді.

Интернет. ШЕКСІЗ интернет – 15 €

Латвия (4-орын)

Латвиядан жылжымайтын мүлік сатып алудың басты себебі – Германия, Франция, Италия немесе Испаниямен салыстырғанда Еуропалық Одақтың резиденті болу және арзан өмір сүру мүмкіндігі. Латвия КСРО ыдырағаннан кейін бірден Еуропалық Одақ пен НАТО-ға мүше болды.

Баға. Инвесторлар арасында ең танымал Рига және Юрмалада 1 м2 орташа есеппен 2 500 евро тұрады. Баға қала маңындағы елдімекендерде 800 евродан басталып, тарихи аудандардағы элиталық пәтерлер үшін 5 000 евроға дейін жалғасады. Ел бойынша бір м2 орташа құны – 1 700 евро.

Юрмаладағы ауданы 60 м2 екі бөлмелі пәтер 153,000 €

(Latvia-immigration деректері бойынша 2020 жылы жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелердің 70%-ын шетелдіктер жасаған. COVID-19 пандемиясына байланысты бағалар 4%-ға төмендеген. Бірақ 2022 жылы Сарапшылар 7-8%-ға өседі деп болжап отыр.)

250,000 €-дан кем емес бағадағы жылжымайтын мүлік сатып алған шетелдіктерге билік Алтын виза ұсынады. Ол тұрақты тұруға және Шенген аймағында еркін жүруге мүмкіндік береді.

Салықтар мен коммуналдық төлемдер:

"Жылжымайтын мүлікке" міндетті салықты барлық меншік иелері төлейді. Салық кадастрлық құнының 0,2-1,5% диапазонында. Коммуналдық төлемдер құны аймаққа, объектінің класына және қосымша қызметтерге байланысты. Орташа алғанда, елде 80 м2 пәтер иелері коммуналдық пәтер үшін ай сайын жазда 120-140 евро, қыста 160-180 евро төлейді. Оған электр, су, жылу, газ, үйге қызмет көрсету, байланыс, теледидар, үй және мобильді интернет кіреді.

3-орын – Саксония еркін мемлекеті (Германия)

Германияның 16 федералды субъектілерінің бірі. Жыл сайын мұнда 15 миллионға жуық турист келеді. Бұл аймақ ортағасырлық сарайлармен, автомобиль зауыттарымен, өнер көрмелерімен, альпинизммен және тау шаңғысы курорттарымен танымал.

Баға. Орташа құны 1 м2  1 600 €.  25,000 € екі бөлмелі сапалы пәтер таба аласыз.

Коммуналдық төлемдер. Германияда оларды "тұрғын үй тақтасы" деп атайды. Оған коммуналдық төлемдер, үйді басқару қызметтері және жинақ кассасына жарналар кіреді. Жыл сайын үй кеңесі келесі жылға тұрғын үй төлемдерінің алдын-ала тарифтерін есептейді. Бұл жыл бойы пәтер иелері алдын-ала төлем жасайды дегенді білдіреді. Жылдың соңында коммуналдық қызметкерлер есептегіштерді алып, қайта есептеу жүргізеді. Егер шығын аз болса, артық ақша қайтарылады немесе иесінің шотында қалады.

Еуропадағы ең қымбат Электр қуаты Германияда. Орташа бағасы 1 квт⋅сағ – 0,3 €. Орташа алғанда, 4 адамнан тұратын отбасы айына 400 кВт⋅с тұтынады – 120 €;

Сумен жабдықтау. Саксониядағы 1 текше метр суық судың құны 2,1 €. Бұл ел бойынша 30%-ға жоғары. Ыстық су жылыту құнына кіреді. Орташа есеп – 30 €;

Жылыту. Негізінен үйлер газбен жылытылады. Жылу мен ыстық су үшін иелері орташа есеппен м2 үшін 1 евро төлейді.

Газ. Бағасы жеткізушіге байланысты. Орташа алғанда, 1 текше 5 € тұрады. 4 адамнан тұратын отбасы үшін орташа есеп – 20 €;

Үйдегі интернет, теледидар және ұялы байланыс. Үйдегі Интернеттің ең арзан бағасы – 9 €, кабельді теледидар мен радио – € 17, ШЕКСІЗ Интернет пен қоңыраулар – 10 €-дан 20 € -ға дейін.

Эстония (2-орын)

2004 жылдан бастап Еуропалық Одақ пен НАТО мүшесі. Ел халқы небәрі 1,3 миллион адамды құрайды. Ел инвесторларды бюрократияның жоқтығымен, кәсіпкерліктің еркіндігімен және резиденттікті ресімдеудің қарапайымдылығымен қызықтырады.

Эстония-it мамандары мен стартаптар үшін таптырмас орын. Әлемдегі бүкіл құжат айналымы электронды жалғыз ел.

Баға. 1 м2 орташа құны 850 €. 20-30 мың халқы бар шағын қалаларда 1 м2 құны 300 €.

Эстонияда жылжымайтын мүлік салығы жоқ. Оның орнына иелері "жер салығын" төлейді. Мөлшерлеме әр өңірде әр түрлі, бірақ кадастрлық құнының 0,1%-2,5% шегінде. Көп пәтерлі үйлердің тұрғындары аз төлейді. Себебі алаң барлығына бөлінеді.

Түркия (1-орын)

Жыл сайын мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен 40 миллионға жуық турист келеді. Олардың 80%-ы еуропалықтар мен ТМД азаматтары. Түркия үкіметі тарапынан жылжымайтын мүлікке шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған.

1 м2 орташа бағасы 800 евро. Шетелдіктер арасында танымал қалалар – Стамбул, Анталия, Алания, Измир және Бодрум. Стамбулда – 1 м2  2 500 евродан басталады. Анталия провинциясындағы ең арзаны – орташа есеппен 600 евро.

Салықтар мен коммуналдық төлемдер. Салық, сақтандыру және коммуналдық төлемдерді төлеуге жылына шамамен 1 000 € кетеді. "Жылжымайтын мүлік салығы" – кадастрлық құнының 0,2-0,6%-ы. Ставка қаланың түріне және объектінің кадастрлық құнына байланысты. Үлкен және дамыған қалаларда ставка жоғары. Коммерциялық жылжымайтын мүлікке көбірек салық.Түркияда табиғи апаттардан сақтандыратын міндетті "Dask жылжымайтын мүлікті сақтандыру" түрі бар. Көлемі аймаққа, ғимараттың түріне және тұрғын үй алаңына байланысты. Мысалы, Қара теңіз жағалауындағы сейсмикалық қауіпті аймақтардың. Тұрғындары жылына 100-150 евро төлейді. Жерорта теңізінің жағалауындағы ең арзаны – 40 евродан басталады. Темір бетон плиталарынан жасалған үйдегі пәтерді сақтандыру кірпішке қарағанда арзан.

Түйін. Қаржы сарапшылары COVID-19 пандемиясында жылжымайтын мүлік бағасы төмендегенін және өсуді тоқтатқанын айтып отыр. Еуростаттың деректері бойынша 2020 жылы Еуроодақтағы жылжымайтын мүлік бағасының орташа өсуі 5,2%-ды құрады. Бұл Еуропадағы ең арзан тұрғын үйді сатып алудың тамаша мүмкіндігі.

Дина Әділ

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу