Шығыс Қазақстанда көмірді жазда сатып алуды ұсынып отыр

4076

"Қаражыра" акционерлік қоғамы, жергілікті атқарушы органдар, облыстың теміржолшылары алдағы жылу маусымында былтырғыдай қатты отын тапшылығын болдырмаудың жолдарын қарастыруда.

Шығыс Қазақстанда көмірді жазда сатып алуды ұсынып отыр

Шығыс Қазақстан облысындағы "Қаражыра" АҚ-ға тиесілі жалғыз көмір кеніші 2018 жылы қатты отын өндіруді 1 млн тоннаға арттырып, содан кейін оны жеткізуді күзгі және қысқы кезеңнен, көктем-жаз мезгіліне қайта бөлуді жоспарлап отыр. Осылайша, былтырғы жылу беру маусымында орын алған көмір тапшылығы, маусым кезіндегі үлкен кезек, алыпсатарлық сияқты жағымсыз факторлардан құтылу қарастырылуда. Бұдан бөлек, теміржолшылар, ЖЭО, атқарушы билік кәсіпорыннан көмір сапасын арттыруды, жеткізу кестесінен ауытқымауды талап етуде.

Аз және сапалы
Былтыр жылу беру маусымында "Қаражыра" компаниясынан жылу-энергетикалық кәсіпорындарға тамыз айынан желтоқсанға дейін көмірді жеткізу мерзімінен кешігумен болды. 2018 жылдың наурыз-сәуірінде Дегелең және Үшқұлын станцияларынан көмір жеткізу күрт артты, яғни аз уақыттың ішінде вагондар қаңтарылып тұрып қалды, сонымен қатар көмірдің сапасы да тұтынушылардың көңілінен шықпай жатты. Халыққа тұрмыстық көмір сатумен айналысатын "ВЭУС" ЖШС-да бірнеше ай қатарынан ұзын-сонар көлік кезегі түзілген.

Егер "ВУЭС" серіктестігінде көмірдің бір тоннасы 8050 теңге тұрса, онда ол түпкілікті тұтынушыға бір тоннасы 15-24 мың теңге болып жеткен. Техникалық көмір құрамында тастың көп болуынан ЖЭО-дағы тиеу механизмдері мен техника істен шыққан. Желтоқсан айының екінші жартысынан бастап, жылу беру маусымының соңына дейін, тіпті қатты аяздарда жылу-энергетикалық кәсіпорындардағы жағатын көмір қоры нормативтегіден төмен болды. "Қаражыра" компаниясынан сатып алынған көмірді жеткізіп беруші "ҚТЖ-Жүк тасымалы" компаниясының филиалы – "Шығыс Қазақстан жүк тасымалы бөлімшесі" қатты отын кондицияланбағандықтан вагондар айналымының техникалық мерзіміне ілесе алмай, вагондар тек көмір тасымалдау үшін іркілген. Осыдан соң Шығыс Қазақстан жүк тасымалы бөлімшесінің теміржолшылары бәрінен бұрын дабыл қағып, ШҚО әкімдігіне ЖЭО, "Қаражыра" компаниясымен жағдайды шешу үшін бірлескен шешімдер қабылдауға өтініш жасады. Көмір өндірушілердің мәліметі бойынша, көмірге деген сұраныстың көп болуынан, өнімінің сапасы әрдайым сақталмаған. "Қаражыра" компаниясының коммерциялық басқарушысы Әсет Сыдықовтың айтуынша, 2017 жылдың қазанынан бастап, олар өздері үшін және өзге біреу үшін де жұмыс істеуге тура келген.

"Майкөбе көмір кеніші өткен жылдың қазанында аяқ астынан көмір жеткізбей қойып, өзінің шамасы жетпейтінін мәлім етті, – деді Әсет Сыдықов. – Олар желтоқсанда техникаларды боксқа қойғанын мәлім етті. Майкөбеліктер  Өскемендегі тек бір ЖЭО-ға 2017 жылдың III тоқсанында 170 мың тонна көмір жеткізбесе, ал I тоқсанда 120 мың тонна жеткізілмеген. Осы тапшы көмірдің 275 мың тоннасын біз жаптық. "Қаражыра" компаниясы 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда тасымалды 500 тоннаға артығымен орындады".

Барлығы "Қаражырадан" алғысы келеді
Әсет Сыдықовтың мәліметі бойынша, 2017 жылы "Қаражыра" көмір кенішінен тек темір жолмен 6,7 млн тонна, ал автокөлікпен 400 мың тонна тұрмыстық көмір жеткізілген. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, көмір экспорты 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 462,3 мың тоннаға немесе 63,4%-ға өскен.

"Қарағандыда – 36, ал Павлодарда сегіз көмір өндіретін орын бар. Бірақ Өскеменде тұрмыстық көмірдің бір тоннасы 8050 теңге, ал Семейде 7200 теңге, "Қаражыра" көмір кенішінде 5806 теңге болған. Ал Қарағанды мен Павлодарда өндірілетін қатты отын бағасы 11000-14000 теңгеге жеткен. Сондықтан бізден оларға көп көмір жеткізілді. Бұл өңірлерден басқа, Ресейге, Алматыға көмір жеткіздік. Ал Шығыс Қазақстанда ажиотаж болды", – деп атап кетті Әсет Сыдықов.

Теміржолшылар өңір халқын көмірмен қамтамасыз ететін "ВЭУС" серіктестігі қатты отынның 40%-ға дейінін өздерінің кірме жолдары жоқ шағын жән орта бизнес нысандарына сататынын алға тартып отыр. Сондықтан ШҚО тұрғындарына көмір жетпейді, содан барып "ВЭУС" компаниясынан түпкілікті тұтынушыға көлікпен көмір жеткізетіндер арасында баға келісімі болуы да мүмкін. Теміржолшылар мен "Қаражыра" компаниясы өкілдерінің пікірінше, бұл жағдайды шешуге билік араласуға тиіс.

Мерзімінен ауытқу
Әсет Сыдықовтың сөзінше, биылғы жылы олар көмір жеткізуге өтінішті көктем-жаз айларында жинауға шешім қабылдаған. "Қаражыра" компаниясы мамыр-шілде айында Павлодар, Алматы, Қарағанды облысын және Ресеймен шекаралас аудандарды қатты отынмен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

"Сондықтан ШҚО-да қазан-қараша айында жүктеме болмайды. Біздегі көмір арзан болғандықтан, басқа өңірлерден келіп алып кетеді", – деді Әсет Сыдықов.

Оның мәліметінше, Шығыс Қазақстандағы "Қаражыра" компаниясының ЖЭО-мен жеті, шағын қалалармен 22 келісімшарты бар. Бұл – Курчатов, Аягөз, Шемонаиха, Күршім, Қатон және басқалар. Сондай-ақ бюджеттік болып табылатын жүк алушы – мектептер, ауруханалар мен кітапханалар, әскери бөлімдер мен шекара қызметі бар. Энергетика министрлігінің өкілдері ақпан айында "Қаражыра" компаниясында өткен көшпелі отырыста шекара қызметі, қорғаныс министрлігі, "ҚТЖ" ҰК"АҚ ұйымдарына орталықтандырылған жеткізуді қазан-қарашадан маусым- шілдеге көшіру туралы шешім қабылады.

Жақында ШҚО әкімінің орынбасары Серік Ақтановтың қатысуымен өткен жиналыста "Қаражыра" АҚ-дан қатты отын тиеумен айналысатын Семей жүк тасымалы бөлімшесі директоры Марлен Көкірекбаев биылғы жылдың алғашқы бес айында көмір кенішіндегі өндірістік тиеу жоспары 200 мың тоннадан асқанын, сондай-ақ көмір тасымалдауға арналған вагондар да жеткілікті екенін айтты.

"Қаражыра" компаниясы маусым айында 280 мың тонна тиеуді жоспарлап отыр, ал шілдеде шамамен 400 мың тонна тиелуге тиіс. Былтырғы жылмен салыстыратын болсақ, көмір тиеу жақсы жүріп жатыр. 1 тамызға дейін ЖЭО-да көмір қоры болады", – деп атап кетті Марлен Көкірекбаев.

"Қаражыра" АҚ мәліметі бойынша, 2020 жылға дейін көмір кенішін дамыту үшін 40 млн доллар мөлшерінде қаражат бөлінген. Әсет Сыдықовтың сөзінше, 2018 жылы "Қаражырада" көмір өндіру көлемі 8 млн тоннаға, ал 2020 жылы 10 млн тоннаға дейін жеткізбекші. Көмір тиеу көлемін арттыру үшін кәсіпорын шөміші 10 және 23 текше метр болатын екі экскаватор, 220 тонна дейін жүк көтеретін төрт "БелАЗ" сатып алған. Кәсіпорын экспорт үлесін арттыруда. Биылғы жылдың тек бес айының өзінде экспорт көлемі 52,2 мың тоннаға өскен. Әсет Сыдықовтың айтуынша, кәсіпорынға өнім сапасын жақсарту мәселесін шешеу мүмкін болған.

Маңызды мәселелердің бірі тұрмыстық көмірді жеткізуге байланысты. Өткен жылы Семей өңірі үшін 212 мың тонна көмір тиелген, бұл бастапқы жоспарланғаннан 20%-ға көп. Биылғы жылы сұраныстың өсуінен көмір тиеу 10 мың тоннаға артады. Шығыс Қазақстан жүк тасымалы бөлімшесі бойынша 2017 жылы түсіру көлемі 404 мың тоннаға жеткен, бұл тұрмыстық көмір жоспарын 116%-ға орындауға мүмкіндік берді. Биыл Шығыс Қазақстан жүк тасымал бөлімшесіне 510 мың тонна көмір жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 89 мың тоннаға көп. Көмір өндірушілер ШҚО халқын көмірді былтырғыдай қыркүйекте емес, қазір сатып алуды ұсынуда. Бұл олар үшін тиімді болады деп отыр "Қаражыра" компаниясындағылар.

"Жазда өндіріп сататын көміріміздің сапасы жоғары, – дейді Әсет Сыдықов. – Оны өндіру күндіз, жарық кезде жүргізіледі. Бұл кезде өндірлетін көмір құрғақ, ГОСТ нормативінен жоғары. Мұндай көмір тек экспортқа ғана шығарылады. Күз-қыс мезігілінде, яғни күн – қысқа, түн ұзақ болған кезде көмір шамның жарығымен өндіріледі. Бұл кезде булану жиі орын алады, өйткені көмір жылы, дала суық және бу "қараңғылап" жібереді. Көмір өндірушілер көмір деп қоспаны да ала береді, содан барып өндірілген көмір ГОСТ-қа сай болғанымен де, айтарлықтай ерекше болмайды, оған қоса дымқыл болады. Ал жазда өндірілген көмір сапалырақ. Ең басты оны дұрыс сақтау керек, яғни тотықпас үшін жабық жерде, күннің көзі мен жаңбырдан сақтау қажет".

Гүлназ Ермағанбетова, Ольга Ушакова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу