Ұлттық қордың жекешелендіруден табатын табысын мемлекеттік холдингтер айқындайды

5090

Үкімет квазимемлекеттік секторды мемлекет иелігінен шығарудан түсетін қаражатты еліміздің Ұлттық қорына аударудың тетігін бекітті.

Ұлттық қордың жекешелендіруден табатын табысын мемлекеттік холдингтер айқындайды

Қазақстан үкіметі ұлттық компанияларды жекешелендіру барысында түседі деп болжанған 3,5-5,5 млрд доллардай қаражатты аудару кестесін белгіледі. Осыған қатысты 2018 жылдың 4 маусымындағы №323 қаулыны abctv.kz Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілер мәліметі базасынан тапты.

Құжатқа сәйкес, ұлттық компанияларды жекешелендіруден түсетін қаражат Ұлттық қорға "тікелей мемелекеттің қатысуындағы компанияның таза табысы есебінен" және "Ұлттық қор алдындағы міндеттерді өтеу" ретінде аударылатын болады.

"Тікелей мемлекеттің қатысуындағы компанияның таза табысын бөлуді және Ұлттық қорға аударылатын қаражат мөлшерін бекітуді тікелей мемлекеттік қатысуындағы компанияның жалғыз акционері ішкі корпоративтік процедуралар шеңберінде жүргізеді", – деп көрсетілген қаулыда.

Үкіметтің тізіміне сәйкес, ұлттық компаниялардың активтерін жекешелендіру есебінен Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерін өтеу мөлшерін бекітуді тікелей мемлекеттік қатысуындағы компанияның директорлар кеңесі корпоративтік процедуралар шеңберінде жүзеге асырады, яғни иелік ету тікелей министрлер кабинеті арқылы іске асады. Ол негізінен басқарушы мемлекеттік холдингтерге тән. Сатуға қойылған басты активтердің тізіміне қарайтын болсақ, бұл жерде әңгіме "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ жайлы болып отыр.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы", "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы", "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамдарының активтерін бәсекелес ортаға беруден түскен қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражат мөлшері Қазақстан Республикасы экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес сыртқы қарызды жабу үшін қажетті сомаға түзетіледі", – деп үкіметтік актіде жеке көрсетілген.  

Қаулыда тікелей мемлекеттік қатысуымен жұмыс істейтін компаниялар егер активтерді сату бөліп төлеу арқылы іске асқан болса, тиісті қаржылық жыл аяқталғаннан кейін бесінші айдан кешіктірмей өкілетті мемлекеттік органға жекешелендіруден түскен нақты түсімдер туралы ақпарат пен қаражаттардың түсу кестесін ұсынатын болады.

"Инвесторлар IPO арқылы (алғашқы жария хабарлаумен) сатылатын "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ның 47 активіне қызығушылық танытып отыр. Олар – "Қазақстан темр жолы", "ҚазМұнайГаз", "Қазатомөнеркәсіп", "Самұрық-Энерго", Air Astana, "Қазпошта", "Тау-Кен Самұрық". IPO стратегиясы бойынша қабылданған шешімдерге байланысты бұл компаниялардан түседі деп болжанып отырған түсім мөлшері 3,5 млрд доллардан 5,5 млрд долларға дейін жетуі мүмкін", – деп жылдың басында ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин айтқан болатын.

Бюджеттік ережеге сәйкес,Ұлттық қорға республикалық меншікті жекешелендіруден түскен қаражат та түсетін болады. Муниципиалдық меншік нысандарын бәсекелес ортаға сату өңірлердің өз бюджетіне түседі.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу