Жетпіс жастағы қария жетпіс сотталушыны жұмыспен қамтып отыр

3709

Жасы жетпіске келген Ермекбай Салимбаев Тараз қаласындағы ЖД 158/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ұлы Сейілханмен бірге "Сема и Ко" ЖШС-ын ашқан.  

Жетпіс жастағы қария жетпіс сотталушыны жұмыспен қамтып отыр

"Жалғыз ұлым жастықпен орны толмас қателік жасап, абақтыдан бір-ақ шықты. Осында қарап жатпай бір іспен айналысқысы келетінін айтқанда қуанып кеттім. Баламның ойын бірден қостап, жаңа кәсіпке ден қойдық. Мұндағылар баламды "Сема" деп атайды екен. Сонымен осындай серіктестік ашып, жұмысты бастап кеттік", – деген қария жалғыз ұлының мұнда отырғанына он жылдың жүзі болғанын да жасырмады. 

Қазір онда ұлттық нақыштағы ағаш-астау, аяқ-табақ, шахмат пен нарды тақталарын, сандық пен домбыра, басқа да бұйымдар жасап шығаруда. Бұдан бөлек, автослесорлар бригадасы мен пескоблок құю цехы тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. 
Түзеу мекемесі жанында №15 кәсіби колледж жұмыс істейді. Жазасын өтеушілер тігінші, аспазшы, кран жүргізушісі, электромеханик, ағаш ұстасы, темір өңдеу және слесарь-сантехник сынды 7 мамандық бойынша білім алуда. Бұдан бөлек, аталған серіктестіктің тігін цехы, автосервис, ағаш және темір ұстаханасы бар. 

"Бір апта бұрын тараздық кәсіпкердің автобусын жөндеп бергенбіз. Бұл – автослесарьлар жөндеп жатқан екінші көлік. Олар алдағы уақытта Тараз жолаушыларын тасымалдайды", – дейді Сейілхан. 

Ал жазасын өтеп жатқан цех жұмысшылары күніне 1000 дана пескоблок құяды екен. Ол 85 теңгеден өткеріліп, әр кірпіштің 10 теңгесі жұмысшыға беріледі.

Әкелі-балалы кәсіпкер түрлі қоғамдық іс шараларға қатысып, демеушілік те көрсетіп жүр. 
Айта кетейік, түзеу мекемесінде қазіргі таңда 739 сотталушы бар. 

Әсел Мұратбекқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу