"Қашаған" мұнай саудасына қор жинап жатыр

19342

NCOC акционерлері сатуға лайық мұнайды өндіруде. 

"Қашаған" мұнай саудасына қор жинап жатыр

North Caspian Operating Company консорциумы "Қашаған" кен орнында  көлемі тәулігіне 90 мың баррель мұнай өндіре бастады. Шикізат қазірдің өзінде  "ҚазТрансОйл" резервуарына түсіп жатыр. Ол жерден эспортқа жіберіледі.

"Бүгін тәулігіне шамамен 9 мың баррель болатын төрт ұңғымадан мұнай өндіру белсенді жүріп жатқанын көрдім. "Болашақ" зауыты жұмыс істеп тұр. Оны жөндеу жұмысы одан әрі жалғасуда, қондырғының барлық түрі бірте-бірте жүктелуде. "Болашақ" зауытынан шыққан таза сауда мұнайы "ҚазТрансОйл" ревервіне құйылуда. Мұнай "ҚазТрансОйл" ревервіне кезең-кезең бойынша жиналатын болады және алдағы уақытта акционерлер экспортқа шығарудың алғашқы келісім-шарттарын жариялайтын болады", - деп мәлімдеді энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Министр одан бұрын "Қашаған" мұнайының алғашқы легі саудаға қашан шығатынын болжаған болатын. "Мұнайдың алғашқы партиясын қазан айының екінші жартысында саудаға шығарады деп айтқаным сол қалпында қалып отыр. Бұл шамамен 15 қазаннан 23 қазанға дейінгі уақыт", - деп нақтылады "Интерфакс-Қазақстанға" берген сұхбатында.

Аталған кен орнында алғаш рет коммерциялық мұнай өндіру осыдан үш жыл бұрын, 2013 жылдың 9 қазанында басталған болатын. Бұл жайында бұрынғы мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин "Интерфакс-Қазақстанға" берген сұхбатында айтқан болатын. Одан бір апта бұрын, деп жазды Kazenergy, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқармасы төрағасының бұрынғы орынбасары, қазір "ҚазМұнайГаз" Барлау-Өндіру" компаниясының бас директоры Құрманғазы Есқазиев бастапқыда консорциум өнімді тәулігіне 40 мың баррель шығарып, 90 мың және 180 мыңға дейін арттырмақшы болды дегенді айтып еді.

Жобалық қуатына жеткен соң кен орнында мұнайды тәулігіне 370 мың баррельге дейін шығару жоспарланды. Осыдан үш жыл бұрын да шикізатты экспортқа шығару қазан айына жоспарланған-ды.

Еске салсақ, кен орнында мұнай өндіру екі рет тоқтатылды. Бірінші рет 2013 жылғы қыркүйектің ортасында газдың шығуына байланысты тоқатылды. Одан соң қайта іске қосылғанына екі апта болмай зауыттың мұнайды күкірт пен газдан тазартатын зауыт пен кен көзін байланыстыратын құбыр желісінде тағы да газдың шығуы пайда болды.

Кен көзін іске қосуға байланысты 2016 жылы еліміз мұнай өндіру болжамын 74 млн тоннадан 75,5 млн тоннаға  дейін ұлғайтты. Ұлттық экономика министрлігінің болжамы бойынша, жылдың соңына дейін "Қашағанда" 500 мың тонна мұнай өндірілетін болады.

"Қашағаннан" шығатын шикізат "Капий құбыр желісі консорциумы" (КҚЖ) арқылы Новороссийскідегі "Южная Озереевка" терминалына дейін тасымалданады. Қыркүйекте Астанада өткізген баспасөз-маслихатында КҚЖ бас директоры Николай Горбань консорциумның "Қашаған" мұнайын қабылдауға дайын екенін айтты. "Теңіз-Новороссиск" мұнай құбыры желісі қуатын кеңейту жұмысын аяқтаған 2017 жылдың ортасынан кейін, КҚЖ "Қашаған" мұнайын қоса алғанда, КҚЖ 52,2 млн тонна қазақ мұнайын қабылдай алады.

Abctv.kz порталына берген сұхбатында сарапшылар алғашқы кезеңде "Қашаған" мұнайы көмірсутегі нарығында шикізаттың тым көп болуына себеп болмайды дейді. Қазақ мұнай және газ институтының бас директорының орынбасары Акбар Тоқаевтың айтуынша, Қашағандағы мұнайды өндірудің шарықтау шегі әлемдік нарықта сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі орнаған кезге тура келеді. "Биыл Қашаған мұнайы сұраныс пен ұсыныстың үлес-салмағына айтарлықтай әсер ете алмайды. Тәулігіне 75 мың баррель (бастапқыда мұнай өндірісінің жоспарланған көлемі осындай) шығару - бұл  әлемдік өлшем бойынша "көк тиын", - деді Акбар Тоқаев. Бұдан бұрын abctv.kz "Қашағандағы" коммерциялық өндірісті қайта қалпына келтіру мерзімінің жақындауы (үстіміздегі жылдың 23 қазаны) Қазақстан Каспий тасымалдау жүйесін (ҚКТЖ) тарту қажеттілігі мәселесін күн тәртібіне қайта қояды деп жазған болатын. ҚКТЖ немесе Транскаспий жүйесі дәл осы "Қашаған" мұнайы үшін құрылған болатын. Бұл жүйенің барлығы еліміздің Каспий жағалауындағы мұнай құю терминалдарынан, танкерлер мен кемелерден, сондай-ақ Әзірбайжанның Каспий жағалауындағы мұнай терминалдарынан және "Баку-Тбилиси-Жейхан" жүйесіне дейінгі құрама құрылымдарынан тұрады деп топшыланған еді.

Қашаған - елдің Каспий теңізі қайраңындағы алғашқы теңіз мұнай-газ кен көзі. North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумына AgipCaspian Sea B.V. (16,81%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,81%), KMG Kashagan B.V. (8,44%),  "Самрұқ-Қазына" АҚ  (8,44%), Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,56%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,81%), Total EP Kazakhstan (16,81%)  және CNPC Kazakhstan B.V. (8,33%) кіреді.

Құралай Абылғазина, Күлпаш Қоңырова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу