​Сұйытылған газ бағасы еркін реттелмек

3586

Сұйытылған газ өндірушілер 2017 жылы 48 млрд теңге кірістен қағылған соң, үкімет сұйытылған газдың көтерме бағасын қайта реттеуді қолға алды.

​Сұйытылған газ бағасы еркін реттелмек

ҚР парламенті "Қазақстан Республикасының газ және газбен қамту мәселесі бойынша кейбір заңанамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады. Бейсенбі күні сенат депутаттары палатаның пленарлық отырысы барысында заң жобасын екі оқылымда қабылдады.

Салалық комитеттің қорытындысынан көріп отырғанымыздай, заң жобасы сұйытылған газды Қазақстанның ішкі нарығына электронды сауда алаңдары (ЭСА) арқылы жеткізудің жаңа тетігі көмегімен сұйытылған газдың көтерме бағасын кезең-кезеңмен қайта реттеуді қарастырады.

"Заңға енгізілетін түзетулер электронды сауда алаңдарын 2019 жылмен 2021 жыл аралығында кезең-кезеңмен енгізуді көздейді. Электронды сауда алаңдары арқылы сатылатын барлық газға энергетика министрлігі бекітетін шектік көтерме баға қолданылмайтын болады. Бірінші кезеңде жеткізу жоспары бойынша ішкі нарыққа жетікзілетін сұйытылған газдың 10-20%-ын ЭСА арқылы сату жоспарланып отыр. Кейін бұл көрсетілген үлес артатын болады (2021 жылға дейін.-авт.)", – деді заң жобасын сенат депутаттарына түсіндірген Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Электронды сауда алаңына көшіру аяқталғаннан кейін, 2021 жылдан бастап заңмен қарастырылып отырған газ желісі ұйымдарын тіркеу институтын алып тастау ұсынылып отыр.

"Аталған тіркеу газ өнімін кімге, қалай бөлу керектігін шешіп, газдың шектік көтерме бағасын бекітетін", – деп атап кетті депутат.

Енді бұл қажет емес, өйткені заң жобасын қабылдағаннан кейін елді газды бөлудің жаңа әдістемесі бекітіледі. Газға деген сұраныстың болуына қатысты өтінішті әкімдіктер жасайтын болады, ал оларды энергетика министрлігінің жанындағы арнайы комиссия бекітеді. Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, бұл комиссия ашық жұмыс істейді.

Онлайн сатылатын газды сатып алушылар тек газжелілік ұйымдар ғана емес, сонымен қатар өндірістік кәсіпорындар, өңірлік автокөліктік газ құю станциялары мен газ толтыру пунктерінің иелері де сатып ала алатын болады.

"Нәтижесінде 2021 жылға қарай халыққа тек топтық резервуарлық жабдық арқылы сатылатын сұйытылған газдың бағасы мемлекеттің реттеуінде қалады. Сондай-ақ қосалқы құны жоғары өнім шығаратын мұнай-химия кәсіпорындары үшін де сақталады".

Еске салар болсақ, бүгінгі күні Қазақстанда сұйытылған газдың шектік көтерме бағасы "Газ және газбен қамту туралы" қолданыстағы заңға сәйкес белгіленеді, оның шектік көтерме бағасы қосымша құн салығын есепке алмағанда 38 701 теңгені құрайды. Мұндай баға экспорттық қана емес, көршілес елдердегі көтерме бағадан да едәуір төмен. Бұл газды Қазақстан аумағынан басқа елдерге заңсыз экспорттауға итермелейтіні сөзсіз.

Сенатор Еділ Мамытбековтың мәліметі бойынша, Ресейде сұйытылған газдың бір тоннасы 141 мың теңге тұрса, ал Ауғанстанда – 180 мың, Тәжікстанда – 161 мың теңге тұрады.

Қазіргі уақытта ел ішіндегі сұйытылған газдың бөлшектік бағасы көтерме бағадан едәуір жоғары және тек көршілес елдердегі бөлшектік бағадан сәл ғана төмен.

"Осылайша, бүгінгі таңда біздің зауыттар газды ішкі нарыққа жеткізуде шығынға ұшрауда. Тек бір 2017 жылдың өзінде қазақстандық сұйытылған газ өндірушілердің ала алмаған кірісі 48 миллиард теңдеген астам. Бұл жағдай соңғы төрт жылда сұйытылған газға деген сұраныстың екі есе өсуімен қиындап отыр", - деп түсіндірді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Оның ақпары бойынша, былтыр Қазақстанда 900 мың тонна сұйытылған газ өндірілген. 2018 жылы газ құю станцияларына сұйытылған газ өнімін беру жоспарланып отыр. Ресми статистика бойынша, ішкі нарыққа газдың 72%-ы жеткізіледі.

"Сұраныс қарқыны осындай болатын болса, 2019 жылы сұйытылған газға тапшылық болады. Осының нәтижесінде сұйытылған газ өндірушілердің кірістілігін қамтамасыз етудің қажеттілігі туындауы мүмкін. Себебі мұндай көтеру тұтынушыға арналған түпкілікті бағаны көтеретіні сөзсіз", – деді депутат.

Тікелей бөлумен қатар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елде өндірушілердің газды ішкі нарыққа ЭСА арқылы міндетті жеткізудің қосымша тетігі енгізіледі. Оған энергетика министрлігінің бекітетін шектік бағасы қолданылады.

Сұйытылған газды жеткізуді іске асыратын ЭСА тізімі және олардың жұмыс істеу ережелерін энергетика министрлігі бекітеді.

"Біріншіден, заң жобасы шағын клмпанияларға ірі компаниялармен бірдей бәсекелесуге мүмкіндік береді. Бұл сегментте бәсекелес орта, нарықтық қарым-қатынас пайда болады. Сұйытылған газ өндіретін кез келген өндіруші немесе жеткізуші өзінің өнімін веб-сайт арқылы жергілікті компаниялармен еш байланыспай-ақ елдің кез келген өңіріне сата алады. Тапсырыс беру процесін автоматтандыру есебінен сатушылар мен жеткізушілердің шығынын азайту көзделіп отыр", - деді сенат депутаты Еділ Мамытбеков.

Сонымен қатар депутат көптеген қазақстандықтар интернет-сауда жасауды білмейтінін атап кетті. Депутат энергетика министрлігі әкісдіктермен және "Қазақтелеком" АҚ-пен бірлесіп сұйытылған газ жеткізушілер мен өндірушілерді интернет-сауда жасауға үйретуді ұсынды.

Гүлназ Ермағанбетова, Ботагоз Омар

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу