171 үміткерге "Болашақ" стипендиясы тағайындалды

923

171 үміткерге "Болашақ" стипендиясы тағайындалды

Қазақстан Республикасының vемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен шет елдерде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды akorda.kz.

Мемлекеттік хатшы Қазақстанның үшінші жаңғыруының басымдықтарының бірі ретінде адами капитал сапасын жақсартуда "Болашақ" президенттік стипендиясының рөлі айрықша екенін атап өтті. Сонымен қатар, кадрларды даярлау және білім беру жүйесінің алдыңғы қатарлы буыны ретінде бағдарлама түлектерінің әлеуетін пайдалану жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін айтты.

Отырыста Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің шет елдерде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасын іске асыруға қатысты бірқатар мәселе қаралды.

Комиссияның шешімімен стипендия магистратура мен докторантурада оқуға, сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 171 үміткерге тағайындалды.

Мемлекеттік хатшы отырысты қорытындылап, бағдарламаны іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру және тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу