2017 жылға арналған дәрілік заттардың 95% сатып алынды

1238

2017 жылға арналған дәрілік заттардың 95% сатып алынды

Биыл дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу алдын ала өткізілді. 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2017 жылға қажеттіліктен берілген өтінімдерден 95%-ы сатып алынды, ал қалған 5%-ы жылдың соңына дейін сатып алынады. Алдын ала үнемдеу 10 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Барлығы 2017 жылға "СК Фармация" ЖШС республиканың 1115 медициналық ұйымдары үшін 113,2 млрд теңге сомаға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алады. Бірыңғай дистрибьютор 2017 жылдың бірінші кезеңін ағымдағы жылдың желтоқсан айында жүзеге асыруға дайын.

2017 жылға сатып алынған жалпы сомасы 30,4 млрд теңге болатын 896 препараттардың ішінен 462-сі (51,56 %) – қазақстандық өндіріс болып табылады. 2010 жылдан бері қазақстандық қамтудың көлемі 6 есеге артты, ал өткен жылмен салыстырғанда 5 млрд теңгеге артты.

Естеріңізге сала кетейік, Бірыңғай дистрибьютор 15 қарашада тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында дәрі-дәрмектердің ағымдағы жылға арналған жылдық қажеттілігін 100% көлемінде мерзімінен бұрын медициналық ұйымдарға жөнелтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу