Еліміздің инвесторларына Байқоңырдағы 157 нысан таныстырылды

996

Еліміздің инвесторларына Байқоңырдағы 157 нысан таныстырылды

Байқоңыр қаласының делегациясы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би ауылында өткен "Қазалы Инвест" инвестициялық форумының жұмысына қатысты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Құрамына қазақстандық және ресейлік мемлекеттік органдары басқармалары кіретін байқоңырлық делегация "РЗА" агроөнеркәсіптік кешен, кәмпит шығаратын цех, күріш өңдейтін зауыт, мал шаруашылық кешені, балық цехы секілді нысандарды көрсетіп, өндірістік кәсіпорын өнімдерінің технологиясы және ұйымдастыруымен таныстырды.

Форумның пленарлық отырысында сөз сөйлеген Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Ольга Когай қалаға қазақстандық инвесторлардың қолдауы керек екендігін атап өтті. Байқоңыр қаласы Ресей Федерациясы жалдайтын "Байқоңыр" ғарыш кешенінің арқасында қаржыланатыны белгілі. Ольга Когай инвесторларға қала тұрғындары мұқтаж инвестициялық жобаларға көңіл бөлуді ұсынды. Аталмыш жобаларға кейіннен жеке меншікке сату құқығына ие тұрғын үйлер салу, қалалық мәдени және демалыс парктері инфрақұрылымын дамыту, су көзі бар ашық хауызбен қамтамасыз етілген демалыс аймақтарын құру, дене шынықтыру-сауықтыру және ойын-сауық кешендері, туристік кәсіпті дамыту кіреді.

"Бүгінде Байқоңырда пайдаланылмаған және Ресей тарапынан жалға алынбаған 157 нысан бар", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу