Jibek Joly телеарнасы 7 тілде хабар таратуды жоспарлап отыр

611

ҚР Президенті Телерадиокешені медиахолдингінің атқарушы директоры Роберт Мурадян Jibek Joly телеарнасының сыртқы хабар тарату желісі туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Jibek Joly телеарнасы 7 тілде хабар таратуды жоспарлап отыр Фото: jjtv.kz

"Біздің телеарнаның сайтындағы "хабар тарату" бөлімінде көрермендерге арналған екі терезе бар – бұл қазақстандық көрермендерге арналған Jibek Joly және шетелдегі көрермендерге арналған Jibek Joly. Бұл бір-бірімен қиылыспайтын әртүрлі екі эфир. Осыған байланысты, біз Қазақстанда алатын өлшем деректері шетелдік көрермендерге арналған эфирдің "программингіне" әсер етпейді", - деді Роберт Муродян Astana Media Week панельдік сессиясында.

Оның айтуынша, телеарна қосымша бірнеше тіл жолақтарын қосуды жоспарлап отырмыз.

"Бүгін де Орталық Азия өнімін жасау туралы көп айттық және біздің пікірімізше мұндай өнім Қазақстанда бар. Ол CaspioNet-тен Jibek joly-на дейінгі ұзақ эволюциялық кезеңнен өтті. Қазір телеарна бес тілде – қазақ, ағылшын, орыс, қырғыз және өзбек тілдерінде хабар таратады. Бұл жоба орталықазиялық Euronews болуды көздеп отыр. Сонымен қатар "Түркі әлемі" деп аталатын үлкен аймақ бар. Қазір бізге жетіспейтін нәрсе – түрік және әзербайжан тілдеріндегі екі тілдік жолақ, расында да бұл жұмысты жоспарлап, жүзеге асырғымыз келеді. Біз Орталық Азиядан, түркітілдес мемлекеттерден барлық БАҚ өкілдерін осы жобаны бізбен бірге дамытуға шақырамыз", - деді Р. Муродян.

Айта кетейік, Astana Media Week 26-28 қазан күндері өтеді. Онда 150 отандық және халықаралық спикерлердің қатысуымен 30-дан астам іс-шара өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу