Польшалық инвесторлар "Химфарм" АҚ-ға 37 миллион АҚШ долларын салады

733

Польшалық инвесторлар "Химфарм" АҚ-ға 37 миллион АҚШ долларын  салады

Польшалық инвестор "Химфармға" қосымша 37 млн АҚШ долларын салады, деп хабарлайды "KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі.

Инвестор ОҚО-дағы аймақтың ең ежелгі фармацевтикалық зауыты -"Химфарм" АҚ-ны модернизациялауды жалғастырады.

"SANTO" компаниясы, "Польфарма" халықаралық фармацевтикалық тобының бір бөлігі бола отырып, Оңтүстік Қазақстан облысында "Химфарм" АҚ қолданыстағы фармацевтикалық өндірісін cGMP халықаралық стандарттарына сәйкес жаңғырту бойынша саладағы ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырады.

2018 – 2022 жылдар аралығында "Химфарм" АҚ дәрі-дәрмек өндірісі бойынша ірі қазақстандық зауытты жаңғыртудың төртінші кезеңі шеңберінде, жаңа зертхананың құрылысы салынатын, инфрақұрылымы жаңғыртылатын, логистикалық объектілері модернизацияланатын, зерттеулер мен әзірлемелерге арналған жабдықтар жаңғыртылатын болады, ал 2018 жылғы наурыз айында зарарсыздандырылмаған ерітінділердің жаңа учаскесі іске қосылатын болады.

Польшалық инвесторлар 2018 – 2022 жылдарға есептелінген "Химфарм" АҚ төртінші технологиялық модернизациясына шамамен 37 млн АҚШ долларын  салуды жоспарлап отыр.

"Іс жүзінде қазір Шымкент қаласындағы "Химфарм" АҚ зауытында барлық негізгі өндірістерінің және қосымша логистикалық алаңдардың құрылысын салу және модернизациялау аяқталған. Енді инвестициялық бағдарлама өндірістік және қосымша үдерістерді автоматтандыруға және диджиталдандыру саласындағы жаңа жобаларға, сонымен қатар сапаны бақылау және басқару жүйесі саласындағы жобаларға бағытталатын болады", - деп атап өтті "Химфарм" АҚ зауытының директоры Рустам Байгарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу