"Тұймазы – Омбы – Новосібір-2" мұнай құбырында заманауи телемеханика жүйесі қосылды

1019

Бұл "Тұймазы-Омбы-Новосібір -2" магистарльды мұнай құбырындағы желілік қондырғыны операторлық стансадан қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді.

"Тұймазы – Омбы – Новосібір-2" мұнай құбырында заманауи телемеханика жүйесі қосылды

"ҚазТрансОйл" АҚ "Тұймазы – Омбы – Новосібір-2" мұнай құбырында заманауи телемеханика жүйесін іске қосты, деп хабарлайды компания. 

"ҚазТрансОйл" АҚ  Павлодар мұнай құбыры "Петерфельд" желілік өндірістік-диспетчерлік стансасында желілік телемеханика жүйесі іске қосылды.

Желілік телемеханика жүйесі оқиғаларды мұрағаттайды және сақтайды, технологиялық параметрлердің мағынасын, қысымды және мұнайдың температурасын жедел түрде бақылайды, апатты жағдайлардың хабарлама журналын жүргізеді, жұмыс барысында операторлардың әрекеттері туралы хабарламаны сақтайды.

Телемеханиканы байланыспен қамтамасыз ету мақсатында бақылау және басқару бекеттерінің блок-бокстарында талшықты-оптикалық байланыс жүйесі және  белсенді желілік қондырғы орнатылған.

"Тұймазы-Омбы-Новосібір-2" магистральды мұнай құбырының қазақстандық учаскесі 186,249 км құрайды. Бекітілген қуаты  11 жылына/млн тонна, жобалық өткізу қабілеті – 18 жылына/млн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу