Алтын мен сирек металға қожайын қажет

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
4094

Инвестициялар және даму министрлігі 109 учаске бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға қатысты аукцион  жариялады.

Алтын мен сирек металға қожайын қажет

Аукцион 2017 жылдың 28 қарашасы күні Астана уақытымен сағат 15.00-де ҚР инвестициялар және даму министрлігінде (ИДМ) өтеді. Аукционға қатысу үшін өтінімді 2017 жылдың 27 қыркүйегі мен 2017 жылдың 27 қазаны аралығында сағат 16.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 үй, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі мекенжайына өткізуге болады.

Аукционға қатысушылар 109 жер қойнауы учаскесі соның ішінде 97-сі барлауға, 12-сі өндіруге арналған учаске бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміттене алады.Оның ішінде әңгіме 45 алтын өндіру, 44 барлау және 1 өндіру участкесі, 45 түсті металл, 3 өндіру және 42 барлау участкесі, барлауға арналған 7 қара металл, 3 сирек кездесетін металл, 1 өндіру және 2 барлау, 9 өзге де пайдалы қазбаларға қатысты (графит, кварцит, емдік балшық, хризопраз, флюорит, халцедон, бұрғылау кені), 6 өндіру және 3 барлауға арналғанучаске жайында болып отыр.

Аукционға  Шығыс Қазақстан облысының Қараөткел кен орнындағы титан-цирконий кенін өндіру құқығын  алу шығарылады.  Кенді мүжілу қыртысын  дамыту ауданы шамамен 17 шаршы шақырым. Оның түрлену қуаты алғашқы метрден 20-25 метрге дейін, орташасы 7,8 метр. Цирконий мен титанның теңгерімдік және теңгерімдіктен тыс қоры ҚР ОҚК-ның 1994 жылғы №10 хаттамасымен бекітілген. Қол қойлыған бонус 36, 1 млн теңге, геологиялық ақпарат құны 5,4 млн теңге.

Сондай-ақ аукционға Оңтүстік Қазақстан облысындағы Күмісті шашыранды алтын кен орнында кен өндіру құқығын алу шығарылады.  Күмісті кен орнының бассейндері төменгі күмісті күрделі дөңестің Үлкен-Қаратау құрылымдық-металлогеникалық белдемде орналасқан. Күмісті ұсақ тау жыныстары шөгінді, таяз шашыранды болып келеді, ол КСРО МПҚ классификациясы бойынша III топқа жатады. Ашық тәсілмен сұрыптау өндіруге лайықты. Кен қоры ОҚК-ның 1983 жылғы №23 хаттамасымен бекітілген. Қол қойылған бонус 500 АЕК-тен кем емес, геологиялық ақпарат 10,4 млн теңге.

Аукционға қатысушылар Жамбыл облысының Ақтөбе кен орнындағы халцедонды өндіру құқығын алуда да бақ сынай алады. Қол қойылған бонус 500 АЕК-тен кем емес, геологиялық ақпарат 1,6 млн теңге.

Қарағанды облысының Қызылеспекен орнындағы полиметалл кенін өндіру құқығын алу да аукционға шығарылды. Қол қойылған бонус 7,5 млн теңге, геологиялық ақпарат құны 5,6 млн теңге. Қызылеспе кен орнындағы қорғасын-мырыш минералдау дискретті түрде  шамамен 3,5 шаршы метрге таралған. Кен орнының кені кешенді. Негізгі компоненттері – қорғасын мен мырыш, қосалқы компоненттері – күміс және кадмий. Сондай-ақ жергілікті кеннің құрамында мыс, молибден және висмуттың көп екені байқалады, бірақ бұл компоненттердің құрамы төмен, яғни өндірістік маңызы шамалы. Кен қоры 2007 жылы №507-07-У хаттамасымен бекітілген. 

Сонымен қатар Павлодар облысының Солтүстік Еспе тұз кен орнында алтын өндіру құқығын алуға да аукцион жарияланған. Қол қойылған бонус 500 АЕК-тен кем емес, геологиялық ақпараттың құны 3,9 млн теңге. Алтын қоры 1993 жылғы АҚК-ның  С1 және С2 категориясының хаттамасымен бекітілген.

Қостанай облысының Приозерный кен орнында боксит өндіру құқығын алу да аукционға шығарылды. Қол қойылған бонус 45 млн теңге, геологиялық ақпарат ұүны 2,2 млн теңге.  Боксит қоры 1956 жылы НТС-тың №6 С1 және С2 категориясының хаттамасымен бекітілген.

Сондай-ақ Қотанай облысындағы Батыс-Обаған кен орнында боксит өндіру құқығын алу да аукционға шығарылды. Қол қойылған бонус 48,4 млн теңге, геологиялық ақпарат құны 2 млн теңге. Боксит кен орны негізінде екі дараланған оңтүстік және солтүстік топ пайда болады. Солтүстік топқа 2 және 4 боксит кені кіреді, бұлар боксит кен орнының негізгі қоры.

Аукционға негізінен геологиялық барлау жұмыстарын қажет ететін  жер қойнауы учаскелері шығарылған.

Жер қойнауын пайдалану құқығын берудің негізгі шарты аукционға қатысуға  арналған төлем, геологиялық ақпаратты алу үшін төлем, қызметтерді, жұмыстарды және кадрларды жергілікті қамту бойынша төлемдер, қазақстандық кадрларды оқыту шығындар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған шығындар, ҒЗТКЖ арналған шығындар  болып табылады.

Жеңімпазды анықтаудың негізгі және жалғыз критері  бұл қатысушылармен ұсынылған қол қойылған бонустың анағұрлым үлкен көлемі болып табылады.

Аукцион өткізу арқылы  жер  жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін атап кету керек.  Қолданыстағы заң бойынша жер қойнауын пайдалану дегеніміз – бұл келісімшарт аумағы шеңберінде жер қойнауын иелену және пайдалану құқығыжер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, барлау, өндіру, барлау немесе өндірумен байланысты емес жер асты имараттарының құрылысы және (немесе) пайдалауға беру  сияқты операцияларды жүргізу үшін ұсынылады. 

Аукцион жеңімпазымен  келісімшарт жасалады. Барлау кезеңіндегі келісімшарттың мерзімі алты жыл. Жер қойнауын пайдалану құқығы келісімшартта көрсетілген мерзіммен шектеледі. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт жасалған аумақты тек келісмшартта көрсетілген мақсат үшін ғана пайдалануы керек.

Аукционды өткізу нәтижесінде геология саласына инвестициялар тарту, Қазақстан Республикасы аумағындағы геологиялыө зерттелуді арттыру, жаңа жұмыс орындарын құры, жергілікті қамтуды дамыту, жергілікті тұрғындар ішінен мамандарды даярлап оқыту, бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсіптерін құру сияқты әлеуметтік-экономикалық болжамдар іске асады деп күтілуде.  

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу