Еліміздің қай өңірі қандай шаруашылық саласы үшін табысты

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
47259

Егін егуге – Павлодар облысы, сиыр асырауға Қызылорда облысы ең қолайлы.

Еліміздің қай өңірі қандай шаруашылық саласы үшін табысты

Қазақстандағы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының тиімділігі 2017 жылы тиісінше 39,7% және 17% болды.

Өңірлер бойынша өсімдік шаруашылығына ең қолайлы өңірлер ретінде Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстары болса, ең қолайсыз өңірлер Маңғыстау мен Атырау облыстары.

Шаруашылықтың түрі бойынша жалпы республикада картоп өсіру ең пайдалы бизнес көрінеді. Былтыр картоп шаруашылығының тиімділігі 55,2 пайызды құраған. Соның ішінде Ақмола облысындағы картоптан түсетін маржа 73,8 пайыз болса, Атырау облысы бар болғаны 1,5 пайыздық пайда көреді екен.

Күнбағыс дәнінің тиімділігі Қазақстан бойынша 45,7 пайыз, бидай мен бұршақ егістігі 37,6 пайыз, ал көкөніс көрсеткіші 35,2 пайыз деңгейінде.

Өңірлерді жекелей есептегенде күнбағыс дәнімен айналысуға ең тиімді облыс БҚО (81,5 пайыз), Павлодар облысы (69 пайыз) және ШҚО (62,5 пайыз) болса, пайдасы ең төмен облыстар Алматы облысы (14,4 пайыз) мен Түркістан облысы (13,5 пайыз).

Бидай мен бұршақ егістігінде ең тиімді облыстар Павлодар облысы (70,2 пайыз), (БҚО 66,2 пайыз) және Қарағанды облысы (62,9 пайыз). Ал ең тиімсіз облыстар Қызыорда облысы (9,9 пайыз) және Түркістан облысы (14,6 пайыз).

Көкөніс өсіруде ең үлкен маржа Қызылорда облысы (98,1 пайыз), Қостанай облысы (66,5 пайыз) және Ақмола облысы (63,9 пайыз) болса, ең тиімсіздері СҚО (-0,8 пайыз) және Маңғыстау облысы (3 пайыз).

Ал мал шаруашылығына ең қолайлы облыстар Жамбыл, Қостанай, Алматы облыстары болса, ең қолайсыз облыстар Қызылорда мен Маңғыстау облыстары екен.

Мал шаруашылығының ішінде ең көп пайда табатындар сүт сатушылар екен. Олардың жылдық маржасы 29,1 пайыз болса, қой мен ешкі баққандар 22,9 пайыз пайдаға кенеліпті. Ірі қара малын кәсіп еткендер 14,9, жұмыртқа сататындар 13,9 пайыз маржаға ие.

Өңірлер бойынша ірі қара малынан ең көп пайда Қызылорда облысы (232,6 пайыз) болса, СҚО облысында керісінше -5,9 пайыз шығын бар.

Қой-ешкі өсіруде Павлодар мен Қарағанды облыстары табысты. Ондағы маржа тиісінше 50,1 пайыз және  41,3 пайыз. Ең тиімсіз облыстар Маңғыстау (-24,8 пайыз), СҚО (5 пайыз) және Қызылорда (3,4 пайыз).

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, сиыр етінің өзіндік құны 507,7 теңге болса, қой етінің өзіндік құны 418,7 теңге. Ал он жұмыртқаның өзіндік құны 135 теңге. Сонымен қатар, бір литр сүттің өзіндік құны 83,3 теңге екен.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу