Каспий мұнайы Парсы шығанағына жөнелтілуі мүмкін

2695

Иран Қазақстан, Түркіменстан және Ресейден мұнайдың айырбас-жеткізілімін қайта жандандыруға дайын екенін мәлімдеді.

Каспий мұнайы Парсы шығанағына жөнелтілуі мүмкін

"Қазақстан, Түркіменстан және Ресей айырбас операцияларына арналған мұнайды Иранның солтүстігіне жеткізуі керек", – деп таратты ТАСС Иран мұнай министрі Бижан Занганенің сөзін.

Министрдің мәлімдеуінше, айырбас-жеткізілімді қайта қалыпқа келтіру 2013 жылдан бастап елде жүргізіліп келе жатқан саясаттың басымдығы болып табылады. Соңғы жылдары келісім тоқтатылған. Оларды қайта қалпына келтіру уақыт пен мұнай экспорттаушы елдердің үйлестіруі мен күшін қажет етеді.

Иранның қатысуымен айырбас-келісім жасау тәжірибесі сонау 1997 жылы басталған. Осы жылдар ішінде мұнай Әзербайжаннан, Түркіменстаннан, Қазақстаннан Неккедегі солтүстік каспий мұнай терминалы арқылы Иранның солтүстік бөлігіне кезек-кезек жеткізіліп, Парсы шығанағы порты арқылы баламалы көлемге айырбасталып тұрған.

Тараптар айырбас бағасына келіспегендіктен, 2010 жылы мұнай жеткізу тоқтатылған. Иран жеткізу бағасын бір баррель үшін 1 доллардан 5 долларға дейін көтермек болған. 

Дәл қазіргі уақытта Иранның солтүстігіне мұнай оңтүстік кен орындарынан жеткізіліп жатыр. Қара алтын бағасы төмен болып тұрған кезде Каспий маңы мемлекеттерімен айырбас-келісім жасау Иранның солтүстігіндегі МӨЗ-ге мұнай жеткізудің көлік шығынын оңтайландыруы мүмкін.

Экономист Олег Егоров 2010 жылға дейін Иранға мұнайды айырбас-жеткізілім арқылы шығару Қазақстан үшін тиімді болған. Екі ел арасында ұзақмерзімді келісімшарт жасалған болатын. Келісімшарт бойынша екі млн  тонна мұнай Ақтау порты арқылы Неккеге одан әрі қарай Теһран және Тебриздің МӨЗ-не жеткізіледі. Аbctv.kz сұхбаттасқан адамның айтуынша, мұнайды "Теңізшевройл" жеткізіп тұрған.

Олег Егоров келешекте Теңізді дамыту жобасын іске асырудың арқасында қосымша көлем пайда болуы мүмкін.

Алайда қазір Қазақстанда артық мұнай жоқ. Өндіріліп жатқан 80 млн тоннадан астам мұнайдың тек 28%-ы ғана үкімет бақылауындағы компанияларға тиесілі деп есептейді Олег Егоров. Экономистің айтуынша, тіпті осының өзі ішкі тұтынуды толық жаппайды.

"Қазмұнайгаз" барлау өндіру" АҚ-ның 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы операциялық нәтижелері мұнай өндіру 3%-ға, яғни 5,885 млн тоннаға дейін төмендегенін көрсетеді. Оның экспорттық жеткізу үлесі 56%-дан 60%-ға дейін өсіп, ішкі нарыққа шығын әкелген.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу