Отандық кәсіпорындар штатын кеңейтеді

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
2587

Жаңа жұмыскерлер экономиканың нақты секторына қажет болады.

Отандық кәсіпорындар штатын кеңейтеді

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ елдің еңбек нарығына және оның алдағы әлеуетіне сараптама жасады. Сараптама нәтижесінен көріп отырғанымыздай, кәсіпорын өз жұмысын бірте-бірте жандандырып, тіпті жұмыскерлер санын өсіруді көздеп отыр.

Орталық сауалнаманың 8,4 мың жұмыскер арасында жүргізілгенін, бұл белсенді жұмыс жасап жатқан кәсіпорын мен ұйымдардың жалпы санының 6,3%-ын құрайтынын атап кетті. Сауалнама  барысында бизнестің көлеміне қатысты тепе-теңдік сақталып, шағын, орта және ірі кәсіпорындар есепке алынды. Компаниядағы сауалнамаға қатысқан адамдары саны 634 мың, бұл жұмыспен қамтылған халықтың 7,4%-ы.

Сауалнама нәтижесі бойынша аңғарғанымыз, 2016 жылы кәсіпорын жұмыскерлер санын 0,4%-ға арттырған. Ал микрокәсіпорындар (жұмыскерлерінің саны бес адам ғана болатын) жұмыскерлер санын  6,7%-ға қысқартса, шағын ұйымдар 0,2%-ға арттырған. Сондай-ақ орташа ұйымдарда жұмыскерлер саны өзгеріссіз қалған, ал ірі кәсіпорындар болса 0,9%-ға көбейткен. Меншік түрі бойынша алып қарайтын болсақ, мемлекеттік және шетелдік  ұйымдарда жұмыскерлер санының көп өскенін көруге болады, ал  жекеменшік компанияларда 0,1% шамасында қысқару болған. 

Кәсіпорындар биыл жұмыскерлер санын 1,1%-ға өсіруді жоспарлап отыр, бұл 161,6 мың адам деген сөз. Жұмыскерлер санын 8,7%-ға арттыруды жоспарлап отырған дәл осы микрокәсіпорындарда жұмыскерлерге деген сұраныс байқалады, сондай-ақ шағын кәсіпорындар да штатты1,5%-ға арттырмақшы. Орта кәсіпорындар жұмыскерлер санын 0,8%-ға, ірі кәсіпорындар 0,9%-ға өсіруді жоспарлап отыр. Меншік түрі бойынша алатын болсақ, жұмыскерлерінің санын 3,5%-ға арттыруды жоспарлап отырған шетелдік кәсіпорын секторында сұраныстың өте көп екенін көруге болады, ал жеке кәсіпорындар штат санын 1,3%-ға, мемлекеттік ұйымдар 0,8%-ға арттырмақ.

Салалық қызмет түрлеріне тоқталсақ, нақты өндіріс секторында 1,2% шамасында біршама өсу болады деп жоспарланып отыр, ал қызмет көрсету саласында жұмыспен қамту 1,1%-ға өседі.

Егер салалар  бойынша қарайтын болсақ, басқа жеке қызмет көрсету саласында ең көп сұраныс бар екенін байқауға болады, сондай-ақ әкімшілік және көмекші қызмет көрсетуде 3,5%-ға сұраныс бар. Сумен қамту және қалдықтарды жою, қаржы және сақтандыру саласындағы жұмыспен қамту ең төмен болмақ. Экономикалық қызмет түрлерінің ішінде электр – және энергиямен қамтамасыз ету секторын ерекше атауға болады, бұл саладағы штат саны осы жыл ішінде аса өзгере қоймайды.

Осы жылы өңірлер ішінде Павлодар (+2,3%), Маңғыстау (+2,6%) облыстарында жұмыспен қамту айтарлықтай өсуі мүмкін, ал Батыс Қазақстан (+0,3%) және Қызылорда (+0,6%) облысында өсу шамалы ғана болады.

Алдын ала жасалған болжам бойынша 2017  жылы ірі (63 мың адам) және шағын кәсіпорындар (59 мың адам) ең басты жұмыс беруші болады. Меншік түрі ішінде жеке сектор басқалардан басым болып тұр, ондағы сұраныс 99,5 мың адамды құрап отыр, ал мемлекеттік тарап сұранысы 50,3 мың адам. Ал басқа сектор тарапынан сұраныс онша көп емес, шамамен 12 мың адам.

Орталық мамандары өндірістік емес саладағы сұраныс басым болады деп болжап отыр. Оның ішінде қызмет көрсету ұйымдары мен кәсіпорындар тарапынан болатын сұраныс 62%-ды құрайды. Бұл 100,3 адамжұмысқа тұруы тиіс деген сөз. Ал өндіріс тарапынан болатын сұраныс 61,3 мың адам болады деп бағаланып отыр. Бұл сұраныстың 38%-ын құрайды.

Салалар бойынша ауылшаруашылық (37 мың адам) және сауда (18,6 мың адам), сондай-ақ басқа да жеке қызмет көрсететін (18,6 мың адам) салада үлкен сұраныс болады деп болжанып отыр. Осы арада ауылшаруашылық саласындағы сұраныстың көбісі маусымдық жұмыспен байланысты екенін атап кеткен жөн.

Ең көп сұраныс көрсетіп отырған өңірлер қатарында Алматы облысы (27,5 мың адам) және Алматы қаласы (20,7 мың адам) бар, ал сұраныс аз өңірлер қатарында Қарағанды (+3,3 мың адам) және Батыс Қазақстан (+4 мың адам) облысы тұр.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметі бойынша, 2017 жылы өндірістің білікті мамандарына деген сұраныс мықты болады, оның саны 32 мың адам деп бағаланып отыр. Сонымен қатар жоғары білікті мамандарға (30 мың адам) деген сұраныс күшті болмақ. Ақпарат дайындау, құжат рәсімдеу, есепке алу және қызмет көрсетумен айналысатын адамдарға (2,2 мың адам) сұраныс аз.

Өндірістің білікті жұмыскерлері ішінде құрылысшы-монтажшы, қалыптаушы, дәнекерлеуші, қақтаушы мамандығына сұраныс көп болып отыр. Жоғары білікті мамандар саласында басты қажеттілік бірінші денсаулық сақтау (сұраныстың 32,2%ы) мамандарына, содан кейін орта мектеп мұғалімдеріне (24,1% ) түсіп тұр.

Елдегі нақты мамандықтар ішінде қосалқы жұмысшылар өте қажет, оларға деген сұраныс 11,3% деп бағаланып отыр, сондай-ақ дәрігерлерге деген сұраныс (4,8%) көп.

Орталықтың бағалауы бойынша, Ақмола (кәсіби сала, ғылым және техника саласы), Ақтөбе (құрылыс саласы), Алматы (электр- және энергиямен қамтамасыз ету саласы), Батыс Қазақстан (кәсіби сала, ғылым және техника саласы), Қостанай (тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық саласы), Қызылорда (өңдеу өнеркәсібі), Павлодар (өнер, демалыс және ойын-сауық) облыстарында штат санын қысқару қаупі бар.

Алматы облысының суменқамту және қалдықтарды жою саласында, Оңтүстік Қазақстан облысының тау-кен өнеркәсібі саласында, Павлодар облысының құрылыс саласында, Астананың әкімшілік және көмекші қызмет көрсету саласында да аздаған қысқарту болуы мүмкін.

Гүлназ Ермағанбетова, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу