Алматы – Өскемен тасжолында көлік апатынан бес адам көз жұмды

1234

Оның екеуі ауруханада қайтыс болды.

Алматы – Өскемен тасжолында көлік апатынан бес адам көз жұмды

Жантүршігерлік көлік апаты республикалық тасжолдың 329-шы шақырымында болған. Оқиға 5 қаңтар күні кешкі сағат 19:30-дар шамасында тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тексеріс кезінде анықталғандай, "Тойота Авенсис" көлігінің жүргізушісі Сарқан ауданынан шығып, Талдықорғанға бет алған. Жолдың тайғақтығы салдарынан 1977 жылғы көлік жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, "Тойота Камри" көлігіне соғылған. "Оқиға орнында "Тойота Авенсис" көлігінің жолаушылары 1977 жылғы талдықорғандық әйел адам, 2012 жылғы талдықорғандық ұл бала және 2006 жылғы Көксу ауданының тұрғыны, қыз бала қайтыс болды. Сондай-ақ "Тойота Авенсис" көлігінің тағы бір жолаушысы Талдықорғанның облыстық ауруханасында көз жұмды.

"Тойота камри" көлігінің 1974 жылғы жүргізушісі де ауруханада қайтыс болды", - делінген Ақсу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазір "Тойота Авенсис" көлігін тізгіндеген 41 жастағы азамат түрлі дене жарақаттарымен ауруханада жатыр. Сонымен қатар, "Тойота камри" көлігінің 1992 және 1993 жылғы екі жолаушысы аурухананың жансақтау бөлімінде.

Қазір аталған жантүршігерлік көлік апаты бойынша ҚР ҚК 345 бабы, 4-ші бөлігі бойынша сот-алды тергеу жүргізілуде.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу