Таиландқа бірреттік туристік визалар 2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2017 жылдың 28 ақпанына дейін тегін рәсімделетін болады.
"Таиландқа бірреттік туристік визадан үміткерлерден көрсетілген мерзім ішінде визалық алымдар алынбайды", – деп келтіреді "Интерфакс" Таиланд СІМ-ге сілтеме жасап.
Сондай-ақ 2017 жылдың 28 ақпанында Таиландқа келген бойда рәсімделетін визаның құны екі есе төмендеп, 1000 батты (28 доллар) құрайтын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу