Атырау облысы тұрғынының "тіріліп" келуіне қатысты арнайы коммиссия құрылды

1162

Атырау облысы тұрғынының "тіріліп" келуіне қатысты арнайы коммиссия құрылды

2 ай бұрын ресми түрде өлі деп танылған Айғали Супуғалиев үйіне оралды, осы оқиғаға қатысты ҚР әділет министрлігінің сот сараптама орталығы арнайы комиссия құрды. Комиссия тиісті тексеріс жүргізіп, нәтижесі бойынша қосымша ақпарат береді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Атырау қ. прокуратурасы ҚР ҚПК 183 б., 1 б. (БАҚ-та жарияланған ақпарат, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп бола алады) сілтеме жасай отыра, материалды сотқа дейінгі бірыңғай реестрге тіркеді. 4 қарашада СЖҚҰБ қызметкерлері сот-медициналық сарапшысының қатысуымен мәйіттің эксгумациясы жүргізілді. Алдағы уақытта нәтижесі белгілі болады.

Қолда бар ақпарат бойынша, нағыз туыстығының ықтималдық шамасы 99,92% нәтижесін көрсеткен алдыңғы генетикалық тексеріске, Супуғалиевтің жақын туыстарынан сілекейлері мен қандарының үлгілері алынған екен. Ал сарапшы есептеуді қайталамай, тұжырым ықтимал нысанында берілген.

Естеріңізге сала кетейік, Айғали Супуғалиев маусым айында із-түссіз кетіп, оның інісі шілде айында полицияға арыз береді. Біраз уақыттан кейін полиция Айғалидің туыстарын мәйітханадағы денені тануға шақырады. Бірақ мәйіт танымастай бұзылғандықтан, тек сараптама қорытындысына сүйенуге тура келіпті.  ДНҚ сараптамасы 99,92 пайыз сәйкестікті көрсетіп, "Айғалиді" жерлейді. Бірақ, Айғали аман-есен үйіне оралып, жұртты естен тандырады.

Дұрыс емес дәлелдері үшін, Айғалидың туыстары молекулярлық-генетикалық сараптаманы жүргізген сарапшыны жауапкершілікке тартатындарын xабарлады.

Енді, Айғалидің орнына жерленген кім екені анықталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу