Х Астана экономикалық форумының аясында Atameken business channel ұйымдастырған "Орта кіріс тұзағы: Қазақстан үшін мәселе" панельдік сессиясына қатысқан шетелдік сарапшылар дамушы елдердегі "орта кіріс тұзағы" мәселесі туралы өз көзқарастарын ортаға салды.
Дүниежүзілік банктің макроэкономика және бюджеттік саясат жөніндегі жаһандық тәжірибе департаментінің директоры Джон Панзердің пікірінше, елдердің "орта кіріс тұзағын" еңсеру процесі кезең-кезеңмен іске асырылуға тиіс.
"Кірістің жоғары деңгейіне жету уақыт пен қыруар жұмысты талап етеді. Мұнда жылдам тәсілдер болмайды, бұл – үлкен аламан. Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз көздеген мақсаттарыңызға жеткізбеуі мүмкін. Қазақстан секілді елдер, дамушы елдердің көпшілігі осы мәселемен айналысуда және кіріс деңгейі жан басына шаққанда 38-39 мың доллар болатын АҚШ-тың деңгейіне жету – ұзақ жол және оны еңсеру үшін үлкен жұмыс атқару керек. Бұл өнімділік пен инновациялардың өсіміне бейімделу мен баса назар аударуды талап етеді. Бұл тұрғысынан аталған елдердің дамыған елдерден үйренері көп", – деп баса айтты Джон Панзер
Макроэкономикалық зерттеулер бойынша мықты қабілеттер болмай едәуір экономикалық өсімге қол жеткіз мүмкін емес.
"Осыдан 50 жыл бұрын байып кетуі тиіс елдердің жағдайын көріп отырмыз. Бірақ олардың макроэкономикасына қарайтын болсақ, әрбір 10 жыл сайын макроэкономикалық дағдарыстардың үш кезеңін бастан өткергенін байқауға болады. Мұндай жағдайда ұзақмерзімдік өсім тұрғысынан ештеңеге қол жетпейтіні анық", – деді Дүниежүзілік банктің макроэкономика және бюджеттік саясат жөніндегі жаһандық тәжірибе департаментінің директоры.
Жетістікке жеткізетін ең негізгі факторлар ретінде ол қуатты институттар мен заңның үстемдігі, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықты бақылауда ұстау, тиімді көшбасшылық жүйесін атап өтті.
Дамудың жаңа деңгейіне көшу үшін адам капиталына инвестиция салу керек. Ресурстарды тиімді бөлетін бәсекеге қабілетті нарықтардың болуын ерекше атап көрсетті ол.
Әлеуметтік және экономикалық зерттеулер орталығының президенті (Варшава, Польша) Кристофер А. Хартвелл "орта кіріс тұзағы" ұғымына ғана назар аудармауға шақырды, себебі елдің экономикалық дамуы тақырыбы сан алуан мәселелерден тұрады.
"Меніңше біз жекелеген мәселелерге көп назар аударып жатырмыз. Тар ойламау керек. Біз халықтың өмір сүру сапасына назар аударуымыз керек, бұл жай сандар, жай ғана ЖІӨ емес, бұл әлеуметтік мәселе, бұл экологиялық мәселелер, қоғамның жай-күйі", – деп есептейді ол.
Әзірге орта кіріс тұзағынан шығаратын инновациялық шешімдер ойлап табылған жоқ деп ойлайды Хартвелл мырза.
"Әлдебір өсім сусынын ішсек, бірден орта кіріс проблемасын еңсеретіндей нақты шешім жоқ" – деп мәлімдеді ол.
Мемлекет екі себептің салдарынан "орта кіріс тұзағынан" шыға алмай отыр дейді ол.
"Бұл саясат пен макроэкономикалық тұрақтылықтық күйреуі. Біз макроэкономикалық тұрақтылық қажеттілігінен секіріп өтеміз деп ойлаймыз. Тұрақтап, одан әрі ілгерілейміз ойлаймыз. Мүмкін мемлекеттік инвестиция көбірек қажет шығар, ақшалай-несиелік салымдар көбірек керек шығар? Бірақ бұл тағы да экономиканың шатқаяқтауына алып келеді. Яғни, айтайын дегенім макроэкономикалық тұрақтылық қажет", – деді Кристофер А. Хартвелл.
Кірістің артуына жол бермей отырған екінші фактор ретінде ол терең құрылымдық кемшіліктердің болмауын жатқызады.
"Түрлі даму деңгейлеріне арналған дамудың түрлі стратегиялары қажет. Яғни ертеңгі күні болуың керек орынға жеткізетін шаралар қажет. Сондықтан реформалардың екінші буынын шешеміз. "Орта кіріс тұзағының" құндылығы осында. Онда макроэкономикалық тұрақтылықтың өзі "шындық болмыс ретінде қабылданады, ал институционалдық реформалардың екінші буынында ештеңге де ұсынылмайды", - деп пікірімен бөлісті Польшаның әлеуметтік және экономикалық зерттеулер орталығының президенті.
Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және уәкілетті елшісі Михаэль Бродский "орта кіріс тұзағынан" шыққан Израильдің тәжірибесі туралы сөз қозғады.
"Бұған ашық саяси жүйе де әсер етті. Израиль – біздің аймақтағы, Таяу Шығыстағы жалғыз демократиялық мемлекет. Экономикалық бәсекелестік те, жекешелендіру мен монополияға қарсы тиімді күрес, ауқымды инфрақұрылымдық жобалар. Бұған Израиль Орталық банкінің сақ, тіпті консервативті саясатының арқасында қол жеткізілді. Бұл ШОБ-ты қолдау. Израильге экономикалық жағынан дамыған ел атануға мүмкіндік берген бірқатар себеп бар", – деп назар аударды Михаэль Бродский
Бірақ осы факторлардың ішінен негізгі ретінде инновациялық экономиканы бөліп көрсетті.
"Бұл Израильде шамамен 20 жыл бұрын басталып, осы күнге дейін жалғасып келе жатқан үрдіс. Бүгінде Израиль – стартаптар, технологиялар мен инновациялар саласындағы танымал көшбасшы. Start-up Nations атауына ие болған ел", – деді ол.
Әлем бойынша ең көп стартап Израильде шоғырланған. Жан басына шаққандағы венчурлік капиталдың инвестициялары АҚШ-пен салыстырғанда 2,5 есеге, Еуропаға қарағанда 30 есеге, Қытайдан 80 есеге, Үндістаннан 350 есеге жоғары екенін айтып, жағымды статистикалық мәліметті көрсетті. Оған бірнеше себептердің жиынтығы арқасында қол жеткізілмек екенін айтты Бродский мырза.
Эмигранттардың ағылуы, дамыған әскери өнеркәсіп, сапалы адам капиталы, жаһандық ортаға бейімделуі Израильдің алдынан дамуға жол ашты.
Қазақстанға спикер Израильдің стартаптарды мемлекеттік қолдау жөніндегі тәжірибесіне құлақ асуға ұсыныс берді.
Әйгерім Сүлейменова, Динара Қуатова